Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

«Кітап маған тақтан да қымбат»-Уильям Шекспир

Шарипа Нуржанова Ақпан 26, 2015 0

Мамай Қаниұлы-2
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғылыми кеңесінде Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы бастығы, университеттің түлегі, филология ғылымының кандидаты Мамай Қаниұлы Ахетов әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлына тілдерді дамытудағы қосқан үлесі үшін алғыс хат пен бірнеше тарихи бағалы кітаптар, ал журналистика факультетінің “PR мектебі ” үйірмесіне әдістемелік оқулықтармен түсіндірме сөздіктер, дискілер және т.б.сыйға тартты. Университет ұжымының атынан өз түлегі Мамай Қаниұлына университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы әл –Фараби бабамыздың кілемшесін сыйға тартты. Ал, журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы өз кезегінде Мамай Қаниұлы Ахетовке сыйға берліген оқулықтар үшін ұжым атынан дән ризашылығын білдірді. Бұл оқулықтар алдағы уақытта студенттердің ғылыми жұмыстармен айналысу  Мамай Қаниұлыбарысында септігін тигізері hақ. Кітап адамзаттың ақыл- ойын рухани дамытып, сақтап, ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп келе жатқан халық байлығы. Кез келген мемлекетте кітапты аса қадір тұтады, аса құрметтейді.Өйткені кітап білімнің қайнар көзі, адам сол біліммен сусындап, ары қарай дамиды, өседі. Заманымыздың ғұлама классигі Ғабит Мүсірепов «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» – деген еді. Ал, қазіргі жастар арасында кітап оқуға қызығушылықтың сиреп бара жатқаны да рас. Осындай мәселелерге әруақытта тың идеялармен қарайтын университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлының «100 кітап» жобасы қазір бүкіл республикамызды шарлап кетті. Сан ғасырлар бұрын өмір сүрген, артына өлмес мұра, классикалық еңбектер қалдырған ағылшын ақыны, драматург Уильям Шекспир «Кітап маған тақтан да қымбат», – деген екен. Сондай-ақ, халқымыздың даналығында «Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы»- демекші осы оқулықтар университет кітапханасынан тапсырылып, студенттер үшін білімнің шырағы боларына кәміл сенемін.

 

Журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы, «PR мектебі» үйірмесінің жетекшіс Нұржанова Ш.С.

 

 

 

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field