Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Жастармен жарқын жүздесу

Шарипа Нуржанова Ақпан 23, 2015 0

Қабырғалы қоғам қайраткері, дипломат, саясаттанушы-ғалым Қуаныш Сұлтанов отандық ғылым мен білімнің қара шаңырағы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлар құрамымен және студент жастармен жүздесіп, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Халыққа Жолдауы жөнінде өзін толғантып жүрген ой-пікірлерін ортаға салып, Қазақстан Халқы ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы туралы әңгімелеп берді.
Алда тұрған асқаралы міндеттер ауқымы зор екендігіне тоқталған қоғам қайраткері жұмыла көтерген жүктің жеңілдігін атап көрсетті. Қазіргі міндет- Елбасы тапсырмаларын ой елегінен өткізіп, зерттеп-зерделеу, Жолдауды жүзеге асыру жолдарын сарапқа салу. Бұл орайда ел ертеңі-білімді де білікті жастар атқаратын толайым тірліктер бар. Мемлекетіміздің ертеңi – солардың қолында. Келешек күнге батыл қадам жасау үшін қазіргі күннің талабын түсіну қажет. Біздің басты байлығымыз-ұлтаралық татулық. Әлем жұртшылығы міне сондықтан да халықтар достығын нығайту жөніндегі Қазақстан тәжірибесіне көз тігіп отыр. Бүгінгі жүздесудің мәні де, маңызы да осында, деп атап өтті халық қалаулысы.
«Мәңгілік ел»-біздің ұлттық идеямыз, ұлт ұстынының алтын қазығы. Бастауын көне тарихтан тартатын қазақ мемлекеттігі Мәңгілік елге айналуы үшін қай-қайсымыз да жауаптымыз. Ол үшін замана ырғағынан жаңылмай, дүбірлі дәуір алға тартып отырған міндеттер үдесінен көріне білуіміз керек. Ең бастысы-әлемдік нарықта күн санап күшейіп отырған бәсекелестікке төтеп беруіміз қажет. Осы орайда экономикалық, технологиялық, әлеуметтік алғышарттарды қалыптастырғанымыз жөн. Кезегін күткен әлеуметтік мәселелердің шешімін тауып, шағын және орта бизнесті дамыту керек. Сонымен қатар білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларын да сапалық жаңа деңгейге көтеру қажет. Президентіміздің «Қазақстан-2050» стратегиясы осы мақстарға жету жолдарын нұсқап, кең мүмкіндіктер ашып отыр. Жолдаудың ең басты құндылығы-адамға, жастарға қамқорлық дер едім, деп түйіндеді сөзін жазушы-саясаткер.
Жастармен жүздесуге қаламгерлер, Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі Алматы бюросының жетекшісі, экономика ғылымдарының кандидаты Валерий Жандаулетов, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры-редакторлар кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдар кандидаты Жұмабек Кенжалин, «Мысль» журналының Бас редакторы, техника ғылымдарының кандидаты Сейдахмет Құттықадам, жазушы Роллан Сәрсенбаев, ұстаз-профессор Сағымбай Қозыбаев қатысып, сөз сөйледі.
«Қарлығаштар», «Жастардың аяқ алысы», «Уақытпен бетпе-бет», «Алыптың оянуы (қытай реформасы туралы очерктер)», «Серпінді кезең» атты публицистік және сараптамалық туындылар авторы, университеттің журналистика факультетінің түлегі Қуаныш Сұлтанов студент жастар сауалдарына жауап берді.

Нұрлыайым Данаева,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика
факультетінің магистранты

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field