Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Ел ағасына арналды

Шарипа Нуржанова Ақпан 23, 2015 0

Ұрпақтар сабақтастығын ілгері ұластыруда ұлтымыздың ұлы тұлғаларының ғибратты ғұмырларын тәрбие тініне айналдырудың маңызы зор. Осыған орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғылыми-өмірбаяндық сипаттағы «Өнегелі өмір» сериясымен кітаптар топтамасын шығарып келеді. Республика білім саласының белді ұйымдастырушылары, университетіміз ректорлары Асқар Закарин, Темір Дарқанбаев, Өмірбек Жолдасбеков, белгілі ғалымдар Батырбек Бірімжанов, Тауман Амандосов, Марат Барманқұлов, басқа да ғылым қайраткерлері туралы жинақтар оқырман көзайымына айналды. Өткен желтоқсан айында әлемге әйгілі физик-ғалым Фазылхан Бәйімбетовке арналған басылым қолымызға тиді.
Саналы ғұмырын халыққа қызмет етуге арнап, үлкенге-іні, кішіге-қамқор бола білген ел ағасы Кеңес Аухадиев жөніндегі осы серияның кезекті кітабының тұсаукесері оқу ордамыздың Акт залында үлкен шығармашылық өрлеу үстінде өтті. Жиынды ашқан университет ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов туынды кейіпкерінің өмір жолына кеңінен тоқталды. Еңбек жолын кеңшарда трактор-егіс бригадасының жетекшісі ретінде бастап, өндірісті ұтымды ұйымдастыру арқылы көп көңілінен шыға білген жігерлі жас аудандық, облыстық комсомол комитеттеріне, республика жастар ұйымына жетекшілік еткен. Алматы қалалық атқару комитетін және Алматы облыстық партия комитетін басқарған жылдары оқу ордамыз құрылысының қарқынды жүруіне жанды қамқорлық жасаған.
Тұсаукесер барысында шығып сөйлеушілер Кеңес Мұстаханұлының оқу ордамыздың өркендеп-өсуіне сіңірген еңбегіне егжей-тегжейлі тоқталып өтті. Медицина ғылымдарының докторы, академик Камал Ормантаев «белгiлi ақын Рафаэль Ниязбектiң «Аттан түспеген азамат» атты жыр жинағы Кеңес Мұстаханұлының ғибратқа толы ғұмыр жолына арналған, жастарымызға үлгi-өнеге боларлық туынды», деп атап өтті. Академик-сәулетші Әбдісағит Тәтіғұлов, атақты фармацевт Кеңес Үшбаев, белгілі жазушы Бексұлтан Нұржекеев өз сөздерінде ел ағасына жылы лебіздерін білдірді. Экономика жоғары мектебінің басшысы Баян Ермекбаева Кеңес Мұстаханұлының өзіне жасаған қамқорлығы жайлы тебірене әңгімелесе, филология факультетінің деканы Өмірхан Әбдіманұлы ел ағасының азаматтық тұлғасының сәулелі тұстарына тоқталды.
Жиын соңында Кеңес Мұстаханұлы шәкірттер мен ұстаздар қауымына өзімен бірге келген әріптес-достарын таныстырып өтті. «Қазақтың тұңғыш балалар оташысы Камал Ормантаевпен қатынасымыз үлкен достыққа ұласты. Осы университетті салған досымыз, академик Әбдісағит Тәтіғұлов Дінмұхамед Қонаев ағамызбен тікелей сөйлесіп тұратын. Жазушы Бексұлтан Нұржекеевпен өмір жолын бірге бастадық. Фармацевтика саласындағы тұңғыш ғылым докторы Кеңес Үшбаевпен жұбымыз жазылған келеді» деді Кеңес аға.
Сөзінің соңында мәртебелі мейман университет басшылығына алғысын білдіріп, жастармен кездесулер жиі өткізіліп тұрса, деген тілек білдірді.

Ақмөлдір Тілепберген,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кафедра меңгерушісінің
орынбасары

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field