Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Гүлшара Әбдіхалықова М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдарымен кездесті

Шарипа Нуржанова Ақпан 16, 2015 0
Гүлшара Әбдіхалықова М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдарымен кездесті

– Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова Бүгін Алматыдағы жұмыс сапары аясында М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдарымен кездесті. Мемлекеттік хатшы аталған институттың ғылыми ұжымының Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мерейтойы аясында атқарылатын ғылыми жұмыстары барысымен танысты.
Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы институт жанындағы 500 мың қолжазба сақталған қолжазбалар қорымен танысып, М.Әуезовтың мемориалды мұражай-пәтерін, кітап көрмесін тамашалады. Айта кету керек, институт қызметкерлері жариялаған «Бабалар сөзі» жүз томдығы осы қолжазбалардың негізінде жазылған.
«Соңғы жылдары сіздердің жеткен бірнеше үлкен жетістіктеріңіз бар. «Балалар сөзі» жүзтомдығы – ұрпақтан ұрпаққа қалатын ұлы мұра. Мемлекет басшысы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасын ұсынды. Осыған байланысты бар салада талаптар күшейіп жатыр. Терең тамырымыздан бастап әдебиет пен өнерді зерттеу, Түркі қағандығы тұсындағы Күлтегін, Тоныкөк, Білге қағандардан бастап бергі тұлғаларға дейін тарихты зерделейтін, келер ұрпаққа мұра болатын жақсы жұмыс атқару керек. Келесі бағыт – классиктер Абай, Жамбыл, Әуезов мұраларын жеткізу. Жаңа қолжазбалар қорынан көргеніміздей, көптеген жазбалар бар. Оның бәрі Әуезовтануды дамытуда қажет болады. Жастар қазақ жазушыларын біле бермейді. Студенттерден сұрасаңыз олар көбі білмейді. Жастарға әдебиетімізді жеткізу – біздің міндет», – деді Г.Әбдіхалықова.
Мемлекеттік хатшы Еуразиялық экономикалық кеңес аясында тек экономикалық және сауда байланысын ғана дамытып қоймай, әдеби-мәдени кеңістікте де интеграция болуы керектігін айтты.
Кездесу барысында институт директоры Уәлихан Қалижан биылғы жыл аясында өткізілетін іс-шаралардың жоспарымен таныстырды.
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2012-2014 жылдар аралығында Қазақстан жерінде тұрып жатқан түрлі ұлттардың әдебиеті, фольклоры, өнері хақында бірнеше ұжымдық монография шығарды. Институт 2015 жылдың 13 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында «Қазақстан халқыны әдебиеті және рухани жаңғыру» атты ғылыми конференция өткізуді жоспарлап отыр.
http://www.inform.kz/kaz/article/2746489

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field