– Жапондық Сасебо қаласының Huis Ten Bosch тақырыптық саябағының аумағында жуырда қонақүй ашылады, онда қызметті роботтар көрсетпек. Қонақүйдің атауы Huis Ten Bosch.
Жаңа отельдің әкімшілерінің қызметін “актроида” үш роботы атқарады. Олардың сырт бейнесі адамдарға қатты ұқсайтындығымен ерекшеленеді. Олар бірнеше тілде сөйлеп, қайта келген қонақтарды ресімдеумен айналысады.
Тағы бірнеше роботтар қызметші, портье қызметтерін орындайды. Huis Ten Bosch саябағының басшылығы қонақүйдің 90 пайыз қонақтарына роботтар қызмет көрсетеді деп үміттенеді, деп жазады Travel.ru CNN-ға сілтеме жасай отырып.
http://www.inform.kz/kaz/article/2746489