Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Келелі кездесу кемел болашаққа бастайды

Шарипа Нуржанова Ақпан 4, 2015 0
Келелі кездесу кемел болашаққа бастайды

Қаңтар айының 30-шы жұлдызында ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде қоғам қайраткері, сазгер публицист Хасен Қожа-Ахметпен кездесу болып өтті.
Студенттер еркін пікір алысып, сұрақтарын жаудырған бұл кездесу барысында сауалдарға жауап бере отырып, өз ұстанымдарын нақтылай түскен Хасен аға қазақ деген халықтың тарихынан сыр шерткен еді. Кездесу барысында Хасен Қожа-Ахмет студенттерге «Ғасырларға жалғасқан жаңсақтық», «Зиялы кім, зиянды кім?» т.б. кітаптарын сыйға тартты. Кездесудің ең қызықты тұсы, әрине Хасен Қожа-Ахметтің тарих туралы толғанысында болды. Ол кісінің айтуынша қазақ халқының мемлекет болып қалыптасу тарихы тереңде жатыр. «Алаш» сөзінің өзі «Ачин», «Ачина» дегенді білдіретінін және де орыс тіліндегі көптеген сөздер түркі тіліне саятынын айтты.
Айта кететін бір жайт, Хасен ағаның «Ғасырларға жалғасқан жаңсақтық» атты кітабы тарихтағы ең күрделі тұлға – Шыңғыс хан жайлы. Кездесу барысында публицист Хасен Қожа-Ахмет Шыңғыс хан тікелей қазақ екенін тілге тиек етті. Біздің арғы бабамыз болып келетін Шыңғыс хан екенін және ол қазақты біріктіргенін толғаныспен жеткізген болатын. Студенттерді таң қалдырған тағы бір дүние, ол Хасен ағаның музыкаға да байланысы бар екендігі болды. Ол кісі тек музыка өнерінің жанащыры ғана емес, сонымен қатар композитор. 300-ге тарта ән мен музыкалық аспаптарға арналған 50 шақты шығарманың авторы. Қазақ музыкасының білгірі, қоғам жанашырымен кездесу студенттерге де ерекше әсер бергені анық. Жастар көкейдегі сұрақтарына жауап ала отырып, кездесу соңында Хасен Қожа-Ахметтің қолтаңбасын алып,суретке түсті.

ҚазҰУ, журналистика факультеті
3-курс студенті Нұрлайым Батыр

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field