Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

ҚазҰУ-да Т.Тәжібаев оқулары өтеді

Шарипа Нуржанова Қаңтар 18, 2015 0
ҚазҰУ-да Т.Тәжібаев оқулары өтеді

2015 жылдың 24 ақпанда жыл сайын өтетін Т.Тәжібаев оқулары аясында және жалпы және этникалық педагогика кафедрасының 75 жылдығына орай «Төлеген Тәжібаев және заманауи педагогикалық ғылым» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ең көне кафедралардың бірі жалпы және этникалық педагогика кафедрасының 75 жылдық мерейтойына қарсаңында педагогикалық қауымдастық Т. Тәжібаев идеясы контекстінде педагогикалық ғылымның замануи өзекті мәселелерін талдау және шешу жолдарын қарастырады.

Конференцияның мақсаты: Т.Тәжібаев идеясы контекстінде педагогикалық ғылымның заманауи өзекті мәселелерін шешу жолдарын іздестіру және пікір-талас жүргізу; ғалымдар арасында байланыс орнату; зерттеу тәжірибелері мен ғылыми нәтижелерімен тәжірибе алмасу; ғалымдар, оқытушылар, студенттер, докторанттар және қызығушы тұлғалар арасында теориялық және практикалық ғылымдарды тарату; білім беру жүйесінде оқу-тәрбие үдерісінде жүргізілген зерттеулердің нәтижелілігі мен қолдану мүмкіндігін бағалау және талдау.

Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, магистранттар, докторанттар, ЖОО студенттері, педагогика және психология саласындағы жетекші ғылыми зерттеулер шақырылады.

Пленарлық мәжілісі дөңгелек үстел формасында 2014 жылдың 24 қаңтарында сағ. 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінің ғимаратында №127, 406 дәрісханаларда өтеді.

 

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field