Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

ҚазҰУ-да қазіргі әдебиеттанудың мәселелері бойынша конференция мен дөңгелек үстел өтеді

Шарипа Нуржанова Қаңтар 18, 2015 0

Қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы сіздерді 2015 жылы 20 ақпан, сағат 11.00-де, 320-дәрісханада «Қазіргі әдебиеттанудың жаңа бағыттары» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІІ республикалық ғылыми-практикалық конференциясы мен «Қазіргі сынтану мәселелері» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

Конференция аясында келесі көрсетілген мәселелер талқыланады:

  • Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу мәселелері
  • Фольклористиканың өзекті мәселелері
  • Әдебиет теориясы және зерттеудің жаңа парадигмалары

Дөңгелек үстелде талқыланатын мәселелер:

  • Рецепция мәселелері
  • Қазіргі әдеби сынның мәселелері

Конференция мен дөңгелек үстелге студенттер мен жас ғалымдар қатыса алады. Конференция материалдары бойынша жинақ жарияланады.

Конференция мен дөңгелек үстелге қатысу үшін өтініштер мен мақалалар 2015 жылғы 15 ақпанға дейін қабылданады.

 

Мақалаларға қойылатын талаптар:

 

1. Жарық көретін материалдардың мазмұны:

а) мақала атауы; б) автор(лар)дың аты-жөні. Оқу орны көрсетілуі тиіс.

2. Мақала көлемі – 2-3 бет.

3. Материалдар қазақ, орыс, ағылшын тілінде: әріп түрі –  Times New Roman. Әріп көлемі – 14. Жан-жағы – 2 см. Бір интервалмен басылуы қажет. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Әдебиеттерден пайдаланылған сілтеме қиғаш жақшамен беріледі (мысалы: /1, 89-б/). Әдебиеттерден алынған дәйектеме қайталанса, алғашқы сілтеменің рет-саны көрсетіледі.

4. Мақала компьютермен теріліп, қағазға басылып және электрондық почтаға жіберіледі. (1 дана).

5. Мақаланың басылым ақысы (студенттерге)  – 1000 теңге.

Өтініштер мен жарық көретін материалдар мына мекен-жайда қабылданады: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71. ҚазҰУ, қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы (3-қабат, 323, 325-каб.).

Конференция мен дөңгелек үстелге қатысу үшін өтініштерді және ғылыми материалдарды мына e-mail:aknur.ospanova@mail.ru жіберуді сұраймыз.

Байланыс телефондары: Қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы 8(727) 3773339 (ішкі 1328).

 

Қазақ әдебиетінің тарихы және

теориясы кафедрасы

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field