Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Жаңа жыл қарсаңында журналистер марапатталды

Шарипа Нуржанова Қаңтар 18, 2015 0
Жаңа жыл қарсаңында журналистер марапатталды

ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтановтың 2014 жылдың 30 желтоқсанында №511 бұйрығына сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М. Бүркітбаев республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының бөлім басшылары мен журналистерді республикалық газет-журнал, телевидениеде университеттің жетістіктері мен  дамуын насихаттауда қосқан ерен еңбектері үшін «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға 80 жыл» алтын төсбелгісімен марапаттады. Олар: Ұлттық баспасөз клубының вице-президенті Төлеміс Құлмұхамедов, ұлттық баспасөз клубының атқарушы директоры Ерлан  Рамазанов,  «Алматы ақшамы» газетінің бөлім меңгерушісі Ермек Зәңгіров, «Алматы ақшамы» газетінің тілшісі Рая Ескендір, РТРК «Қазақстан» Алматы бюросының жетекшісі Дәурен Дариябек және «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы бюросының директоры Қорғанбек Аманжол.

Осы орайда Қорғанбек Аманжол арнайы дайындап келген «ҚазҰУ-ға» атты өлең жолдарын тарту етті. Сонымен қатар, дәл осындай марапат ҚазҰУ өкілдері арасынан ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Шарипа Нұржанова, ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының  директоры Рахымжан Асылбеков және ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының директорының орынбасары Ван Женьге табыс етілді. Жиын соңында естелікке суретке түсіп, сый-сияпаттар берілді.

Қазақ университеті газеті

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field