Республикамыздағы ең ірі басылымның бірегейі ұлтттық басылым – «Егемен Қазақстан» газеті алғаш рет өз оқырмандарының қолына «Ұшқын» деген атпен 1919 жылғы 17 желтоқсанда тиді. Қазіргі кезде бұл басылым еліміздегі таралымы ең көп газетке айналып отыр.
Біз республикалық газеттің тарихын айтқанда, заманында халқымыздың мақтанышы болған көптеген толымды тұлғалардың есімдері еске оралады. Алғаш жарыққа «Ұшқыннан» басталып, бүгінгі «Егемен Қазақстанға» айналған газетті осы 95 жыл аралығында қазақтың нарқасқа маңдай алды 35 редакторы басқарыпты. Атап айтсақ, олардың ішінде еліміздің қайраткер азаматтары Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рұсқұлов, Ораз Жандосов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сынды т.б. ұлттымыздың танымалы тұлғалары басқарған екен.
Ал, 1994 жылы газеттің аты өзгерді. Газет ең бірінші «Ұшқын» кейін «Еңбек туы» деп аталса, одан кейін «Еңбекшіл қазақ» болды, ондаған жылдар бойы алдымен «Социалды Қазақстан», содан кейін «Социалистік Қазақстан» болып өзгертіліп, кеңес заманында өз оқырманына кеңінен танымалы басылым болды.
Еліміз алғаш егемендік алған жылдары «Егеменді Қазақстан» деп аталып, 1993 жылдан бері «Егемен Қазақстан» газеті болып қайта өзгертілді.
Басылым қай кездері болса да өз оқырманының сүйікті газетіне айналды. Осы жылдар арасында елімізге танымалы талай журналистерінің нағыз ұстаханасына айналып, жас журналистерді де тәрбиелеуде үлкен жұмыстар атқарып келеді. Қай кездерде де болмасын, өз биігінде көрініп еліміз үшін өз міндетін абыроймен атқарып келеді.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл басылымға «Отанымыздың бас газеті» деген өте жоғары баға берді.
Еліміздің «Егемен Қазақстан» газетінің 95 жылдық мерей тойы құтты болсын, мерейі әрқашанда үстем болсын!
Jurfak.kz сайты