Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш қиялгер-жазушы Абдул – Хамид Файзулла ұлы Мархабаев дүниеден өтті

Шарипа Нуржанова Желтоқсан 19, 2014 0
Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш қиялгер-жазушы  Абдул – Хамид Файзулла ұлы Мархабаев дүниеден өтті

  76 жасқа қараған шағында қазақ әдебиетінде кейін қалған фантастика жанрының алғашқы және көрнекті авторы, тұңғыш ғылыми-фантастикалық “Ғарыштағы қымыз” (1973) жинағынан бастап , “Арал әуендері” , “Сен кінәлісің , Шолпан планетасы” , “Жұлдыздар жарығы Жерге жетеді” т.б. фантастикалық кітаптардың авторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің профессоры Абдул – Хамид Файзулла ұлы Мархабаев дүниеден өтті.
3
Өткен ғасырдың орта шенін солай бағалау керек шығар. «Ғылыми-техникалық революция» (ҒТР) заманы саналған сол онжылдықтар ғылым, білім қарышты адымдап келе жатқан некен-саяқ мемлекет емес, ҒТР екпіні күллі планетада сезілетін. Шын мәніндегі ғылымның жеңісі сол тұстарда адам санасының, бейнелеп айтсақ, «ұшақ-зымыраны» миссиясын атқарғаны ғажап емес. Өмір-тірлігіміздің күнделікті үйреншікті кәсібіне, ақиқаты сол – қанат бітіреді. Сол тұста А-Х.Мархабаев тұмса жанрға тұңғыштардың сапында енгенімен-ақ өзінің даралық «творчестволық мінезін» көрсетіп үлгірген-ді. «Жалын» альманах форматында әдебиет әлеміне енген кезде, үшінші санына аталмыш автордың «Күнге тағы дақ түсті» повесі жарияланды. Ол тұста есімін біреу біліп, біреу біліп жарытпаған талапкер осы дүниесімен қиялсүйер оқырманды елең еткізбей қоймаған шығар.
4Абдул-Хамид Файзуллаұлы – қазақ жеріндегі тұмса жанрдың жазушысы болып қана қоймай, ұзақ жылдар бойы журналистика саласында білім берген ардагер ұстаз болатын. Кітаптарының санынан, шәкірттерінің саны көп жанның жаны үнемі әзіл мен қалжыңға, шынайы қуанышқа, шаттыққа толы болатын. Шәкірттеріне сабақпен қоса, өз өмірімен байланыстырып түрлі оқиғаларды баяндап беретін. Қазақ жазушыларының өмірін де әсерлі жеткізетұғын.
1Абдул-Хамид Файзуллаұлы 1938 жылы сәуірдің 18 -ші жұлдызында Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ауан ауылында туған. Ол Қазақстан Жазушылар одағынын мүшесі (1973), филол. ғыл. док. (2001) , проф., ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2009), ҚР Білім және ғылым министрлігінің және әл- Фараби ат.ҚазҰУ-нің үздік оқытушысы (2011). ҚазМУ (қазіргі ҚазҰУ) филол. фак. (журн.бөлімшесі) бітірген (1964),” Білім және еңбек” (кейін-“Зерде”) журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгірушісі (1964-67) , ҚазҰУ –да ассистент , аға оқытушы , доцент (1967-76), ”Білім және еңбек”журналының Бас редакторы ,” Жаңа фильм“журналының аға редакторы (1976-81), Қазақ ССР-і Баспа , полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл, к-ті Бас редакциясының аға редакторы (1981-85), “Қазақ әдебиетіндегі фантастика поэтикасы” деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған.
Тұңғыш ғылыми-фантастикалық “Ғарыштағы қымыз” (1973) жинағынан бастап , “Арал әуендері” , “Сен кінәлісің , Шолпан планетасы” , “Жұлдыздар жарығы Жерге жетеді” т.б.жиырма шақты кітаптары жарық көрген. “А-Х. Мархабаев тұмса жанрымызға тұңғыштардың сопына енгенімен-ақ өзінің даралық “творчестволық мінезін” көрсетіп үлгірген-ді” (акад.С. Қирабаев.). Сондай-ақ, “Антология современной казахстанской научной фантастики” үш томдығының алғашқысы (2012, ОФ “Сораба”) орыс тілді оқырмандарға “Новая функция книги” және “Взрыв из прошлого” повестерін таныстырды.
Фантастика жанрының тарихы мен теориясын салалап, cараптауда да көшбасшылық қасиетін танытқан жан. Алғашқы “Орбита-адам жаны” аталатын сын-зерттеу мақаласы мен “Қолыңды әке, келешек. Қазақ фантастикасы : кеше, бүгін және…”  деген монотрафиясынан бастап,6-7 фантастикатану еңбектерінің туындыгері .”Қазақ әдебиеттану шаруашылығы хақында әңгіме қозғалса , әдетті , жанрдың әлі де жастығы ауызға алынады. Бұл аса дәл дәйектеу емес: оның туу және жасаң дәуірлері баяғыда артта қалған. Қазірде ол жан-жақты дамып-өрістеу және шарықтау процесін бaстан кешіреуде. Бұл жағдайды Мархабаев фантастика жанрын зерттеуде де растап берді” (акад. З.Қабдолов). Әзірше ғылыми-зерттеу саласындағы қорытынды да тұжырымдама еңбегі -“Қазақ фантастикасының поэтикасы” (“Қазақ университеті”,2008 ) аталатын көлемді монографиясы.
Автор өзінің саналы өмірінің негізгі бөлігін оқу –ағарту әлемінде қызмет көрсетуімен келеді. Ол қызмет-Қазақ мемлекеттік (қазіргі-ұлттық) университеті журналистика факультетіндегі ұстаздығы. Одан дәріс тыңдаған, журфактан диплом алған журналист-мамандардың оқытушысының  сабақтарын жиі-жиі еске түстірмейтіні некен-саяқ, немесе мүлде жоқ деуге болар. Оның лекцияларында жалаң схоластика кезікпейді. Өмірлік әфсаналар (әсіресе-ғибратты анекдоттар), әлемге әйгілі, ұлтымызға қадірлі зиялылар турасында ауызша эсселерін зерделі шәкірттер қалт жібермейтіні-шындық.
Бұл тұста М. педагог-әдіскер мәртебесінде “өз орбитасынан” көріне білді. Болашақ журналистерге тасқа басылған сабақ пошымында боларлық “Ислам=Ғылым +Журналистика” (“Тауар”,1996) “Қазақ фантастикалық әдебиеті” (“Ана тілі”,1998), “Ислам ілімі –Ғылым алгоритмі” (“Үш қиян”,2005. А. Құрманбаевамен қосылып) т.б. кітаптарын шәкірттер  оқу құралдары дәрежесінде пайдаланады.
Қазақстан Республикасының “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” және “Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” (2010) медальдарымен марапатталған . ҚР Білім және ғылым министрлігі, сонымен қоса әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің гранттар иегері. “Арал ауданының құрметті азаматы” (Қызылорда обл.)
Қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрының алғашқы және көрнекті авторы саналған жазушы, ұстаз Абдул-Хамид Файзуллаұлы Мархабаевтан қазақ әдебиеті 14 желтоқсаны күні айырылып қалды. Марқұмның жары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

 

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field