Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

ҚазҰУ ректоры Елбасын университеттегі инновациялық кластердің жұмысымен таныстырды

Шарипа Нуржанова Желтоқсан 13, 2014 1
ҚазҰУ ректоры Елбасын университеттегі инновациялық кластердің жұмысымен таныстырды

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болды. ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов Мемлекет басшысын ЖОО жетістіктерімен және келешек даму жоспарымен егжей-тегжейлі таныстырып, мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде 500 млн. АҚШ долларынан астам шетелдік инвестициялар тартылып отырған медика-биологиялық және инновациялық кластерлерді құру бойынша жобалардың жүзеге асырылуы жайлы айтып берді. 

ҚазҰУ ел экономикасы үшін жоғары білікті мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ететін ғылыми-инновациялық инфрақұрылымға ие Қазақстанның жетекші университеті және зияткерлік корпорациясы болып табылады. Ұжым өз қызметін әлемдік тәжірибе мен ЖОО дамуының заманауи тренді болып табылатын кластерлік тәсіл негізінде құра отырып, халықаралық білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру бағытында табысты жұмыс істеуде. Оның нәтижесі университетке соңғы үш жыл ішінде серпіліс жасап, QS халықаралық рейтингінде тұрақты орынға ие болуға мүмкіндік берді. «Great Value Colleges» танымал халықаралық ұйымы зерттеулері қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 31 орынға ие болып, әлемнің технологиялық жағынан дамыған ең озық 50 университеті қатарына енді.

«Қазақстан–2050» Стратегиясында Президент білімге негізделген экономика құруға ерекше көңіл бөлді. Бұл үдерісте университеттер жетекші рөл атқаратын болады. Бүгінде ҚазҰУ ұжымы осы бағытта белсенді жұмыс істеуде.

Медика-биологиялық кластер құру.

ҚазҰУ-да медика-биологиялық кластер құру бастамасы қойылған. Жобаның мақсаты: ҚР денсаулық сақтау және білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, еліміздің медицина саласындағы ғылыми-кадрлық әлеуетін дамыту, халықаралық әріптестікті кеңейту, инновациялық медициналық технологиялар трансферті, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметтерінің медициналық қызмет көрсету өндірісімен бірігуі.

Оңтүстік кореялық серіктестермен медициналық диагностикалық орталықты ашу жобаны жүзеге асырудағы алғашқы қадам болды. Ол кампус аумағындағы «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының ортасында 2400 шаршы метрді алып орналасқан. Мұнда оқытушылар мен студенттер ең заманауи жоғары технологиялық құрылғыларда әлемдік сапа талаптарына сай медициналық қызметтер алуда. Инвестиция сомасы 1,2 млрд. теңгені құрайды.

Орталықта университет студенттері мен оқытушы-профессорлық құрамы скринингтік тексеру, диагностика және кеңес беру жүзеге асырылуда. Атап айтарлығы, бұл қызметтер студенттер үшін тегін. Орталық жұмысында қолданылатын «U-Health» телемедициналық жүйесі диагностика жасауға және телекоммуникациялық құрылғы көмегімен емделуші туралы мәліметтерді онлайн режимде кеңес беру үшін «Кангнам Северанс» клиникасының мамандарына жіберуге мүмкіндік береді.

Ëнсе университеті ҚазҰУ медика-биологиялық кластері үшін мамандар даярлау бағдарламасына қатысты. 18 адам арнайы бағдарлама бойынша «Кангнам Северанс» клиникасында оқып шықты. Корея жағы сонымен қатар орталықты басқаруға көмек беруде.

2015 жылдың мамыр айында медика-биологиялық кластер құрудың екінші кезеңі – 500 орынға арналған заманауи клиника мен ғылыми-зерттеу лабораториясы құрылысына кірісу жоспарлануда. Мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде 20,3 млрд. теңге шетелдік инвестиция тартылуда. Оның жүзеге асуына халықаралық консорциум – «Енсе» университеті, «Кангнам Северанс» клиникасы және «POSCO» қаржылық-өндірістік тобы (Оңт.Корея) қатысуда.

Бұл жобаның жүзеге асырылуы «үштік шиыршық аумағында» – мемлекет, университеттер мен бизнес ынтымақтастығы аясында жүзеге асуда. Бұл жоғары сапалы медициналық қызмет көрсететін біріккен ғылыми-білім беру инновациялық орталығын құруға, экономикалық субъектілердің өзара әрекеттестігінен мультипликативтік нәтиже алуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, озық технологиялар мен зерттемелерді тудыру және әлемдік нарықта ұсынуға, сондай-ақ білім беруді интернационалдандыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Инновациялық кластер құру.

ҚазҰУ-дың тағы бір көлемді жобасы – «Алатау» инновациялық технологиялар паркімен әріптестік арқылы іске асатын «Инжиниринг және ғылымды көп қажет ететін технология» инновациялық кластерін жасау.

Технопарктің, бизнес-инкубатордың, өндіріс орталығының, ҒЗИ зерттеу корпустарының және 1500 орынды студенттер мен жас ғалымдарға арналған ыңғайлы жатақхана құрылысына 9,5 млрд. теңге қаржы құйылады.

Жобаның мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізгенге, жоғары технологиялы трансферті және ғылыми-инновациялық қызметтегі коммерциализациялауда, ғылымның интеграциясы, білім беру және ұлтаралық деңгейдегі инновациялық өндірісте заманауи инфрақұрылым жасау.

Жобаны іске асыру ғылыми-зерттеу және қолданбалы сипаттағы тәжірибелі-құрастырмалы жұмыстарын жасау кластер негізінде жоғары технологиялы стартап компаниялар мен кәсіпорындар, ғылымға халықаралық инвестицияны тартуға септігін тигізеді.

«Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы.

«Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы(СҚКО) ҚазҰУ инновациялық инфрақұрылымының маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Бұл – жалпы көлемі 7300 шаршы метр болатын, бәрі студенттерге қолайлы әрі жайлы болу үшін жасалған әлемде теңдесі жоқ бірегей орталық. Жарық әрі кең ғимаратта көптеген кеңселер мен бөлмелер орналасқан. Студенттер барлық қызметтерді «бір терезе» принципі бойынша ең қысқа мерзімде алады.

СҚКО бірнеше секторға бөлінген. Ең бастысы, әрине, оқу секторы. Мұнда студентті алғашқы курстан соңғы курсқа дейін жетелей отырып, оқу үдерісінің дұрыс жүруіне жауап беретін бірыңғай тіркеу кеңсесі, студенттік бөлім, шетелдік студенттерге арналған академиялық ұтқырлық бөлімі орналасқан.

Әкімшілік-кеңес беру секторында студенттер бухгалтерия мен төлқұжат үстелі, банк, нотариус, тәжірибе және жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша мамандардан кеңес алу, пойыз бен ұшаққа билет алу, туристік фирмаға жүгіну сынды қызметтерді пайдалана алады. Сонымен қатар орталыққа келушілердің электронды үкімет (e-gov.kz), «дәліздік» мөр, ақпараттық дүңгіршектер мен интернет қызметтерін алуына мүмкіндіктері бар.

Тағы бір секторда студенттік және университеттің жастар бірлестіктерінің кеңселері орналасқан. Қоғамдық қызмет секторында кинотеатр, кафе, супермаркет, кітап дүкені, сұлулық салоны, фотоателье мен кір жуу орны жұмыс істейді. Сондай-ақ СҚКО-да медициналық диагностикалық орталық ашылған.

«Керемет» СҚКО – бұл студенттер үшін әлеуметтік-маңызы бар қызметтер шоғырланған бірыңғай орталық, бұл қызметтерді олар онлайн-режимде де ала алады. Мұндай әдіс тұлғалық бағытталған қызмет көрсету технологиясына және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында заманауи шешімдерді қолдануға негізделеді.

Әлеуметтік жобалар.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да студенттердің күнделікті әлеуметтік мәселелерін шешуге, жақсы оқуы және ғылыммен айналысуы үшін жайлы жағдай жасауға көп көңіл бөлінеді. Мысалы, осы оқу жылында журналистика факультетіне арналған 260 орындық жаңа жатақхана қолдануға берілді.

Магистранттар мен докторанттарға арналған 500 орынды аса жайлы ғалымдар үйі салынды. Бөлмелер жаңа жиһазбен жабдықталған. Студенттер үшін демалатын арнайы бөлмелері, интернетке қосылған компьютер кластары, жаттығу залдары жасалған. Әр қабатта тұрмыстық бөлмелер бар.

«Аl-Farabi university smart city» жобасы.

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – жаңа білім, озық идеялар мен технологиялар жүзеге асатын ғылыми-білім беру және инновациялық ірі орталық. Президент Жолдауында қойылған тапсырмалар: әлемнің үздік ЖОО-лары рейтингісіне ену, инновациялық қызметті жүзеге асыру және ғылыми зерттеулердің нәтижесін өндіріске енгізу университет үшін басты бағыт болып табылады.

Осы мемлекеттік маңызды тапсырмаларды жүзеге асырудың және ҚазҰУ-да жаңа заман университетін құрудың методологиялық негізі ретінде биылғы жылы «Al-Farabi university smart city» бірегей ғылыми-инновациялық жобасы бастау алды. Жаңа үлгі негізінде ұлы ойшыл әл-Фарабидің қайырымды қала туралы ілімі жатыр. Технологиялық және рухани-адамгершілік тұжырымдардың бірігуі нәтижесінде ғылыми, білім беру және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін заманауи тәсілдер қолданылатын болады.

 Суретті түсірген Досжан Балабекұлы

Бір пікір »

  1. Нұрболат Қаңтар 9, 2015 at 5:12 тд - Жауап

    Жарайсыз, Ғалымқайыр аға! Біз Сізге студенттер қауымы ризамыз. Жаңа жылда алға қойған мақсаттарыңызға сәттілік тілейміз!

Пікір жазу »

Жауп болдырмау үшін мынаны нұқыңыз.


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field