Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

«Халықаралық-құқықтық журналистика мәселелері: отандық және халықаралық тәжірибелер»

Шарипа Нуржанова Желтоқсан 12, 2014 0
«Халықаралық-құқықтық журналистика мәселелері: отандық және халықаралық тәжірибелер»

ш-1Қазіргі таңда қазақ қоғамы жаңа жаһандану деңгейіне өтіп, қадам басып келеді. Заманауи технология дамығаны сол ақпараттық, коммуникативтік кезеңін бастан кешіріп, инновациялық технологиялар өз күшіне енуде. Соған орай ақпарат тарату түрлері, халықаралық стандарттар, құқықтық және этикалық нормалар журналистика саласында ерекше орын алатыны белгілі. Кез келген аймақ пен мекемедегі әрбір тілшінің осы «инновация», яғни «ақпарат әлемінде» өзіне қорғаныс қызметін қамтамасыз ету маңызды болса керек. Осыған байланыстыжелтоқсанның 2 жұлдызында  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінде «Халықаралық-құқықтық журналистика ш-2мәселелері: Отандық және халықаралық тәжірибелер» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шара ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Шарипа Нұржанованың   басшылығымен ұйымдастырылған болатын. Дөңгелек үстелдің өткізілу мақсаты универсиада деңгейінде басқа ЖОО-мен тығыз қарым-қатынасты нығайтып, ауызбіршілік пен достық байланысын орнату болса керек. Соған орай, Халықаралық Бизнес Университеті, Тұран, Сүлейман Демирел атындағы ш-4университеті және Халықаралық Технологиялар университеті дөңгелек үстелдің қонағы ретінде шақырылған еді. Берілген тақырып негізінде: 1. Журналистердің ақпаратқа қолжетімділігі; 2. БАҚ-ң халықаралық байланысқа әсері; 3. Құқықтық журналистика мәселелері сияқты сауалдар қарастырылды. Осы орайда Сүлейман Демирел атындағы университет, журналистика факультетінің кафедра меңгерушісі ш-5Есенгүл Кәпқызы және құқықтық журналистика саласында қызмет етіп келе жатқан Серік Жұмабекұлы  сарапшы ретінде дөңгелек үстелге қатысып, бар ойы мен тәжірибелерін ортаға салды. Студенттер атаулы шара барысында толық ойларын жеткізіп, шешілу жолдарын ұсынып, көкейінде жүрген сауалдарды қойып, белсенді атсалысқан болатын. Соның нәтижесінде ең үздік және белсенді деген студенттердің қатысқанына марапат грамотасын табыстау рәсімі өткізілгенін де айта кеткен жөн. Марапат грамотасынан тыс риза болған оқытушылар қатысушыларға кітап сыйға тартты. Кездесуді қорытындылай келе қонақтар кофе-брейкке қарай өтіп, университеттер студенттері бір-бірімен жақын таныса бастады. Жалпы дөңгелек үстел өз дәрежесінде өтті деп сенеміз. Алдағы уақытта мұндай мақсаттағы шаралар көбейе берсе игі болар еді…

Ақнұр Жоламанова

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field