Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Астанада Елбасының қатысуымен мерекелік шара өтті

Шарипа Нуржанова Желтоқсан 9, 2014 0
Астанада Елбасының қатысуымен мерекелік шара өтті

(ФОТО)

 Астанада «Сарыарқа» велотрегінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

1«Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» мерекелік шарасына жиналған еліміздің жалынды жастарына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз арнады.

«Құрметті жастар, сіздер бақытты ұрпақсыздар. Себебі, тәуелсіз елде өмір сүріп жатырсыздар. Біз тәуелділікті көрген ұрпақпыз, тәуелсіздіктің  қадір-қасиетін білеміз. Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында жаңа ұрпақ тәрбиеледік, білікті, Отанын сүйетін ұрпақ тәрбиеледік. Бүгінгі Тұңғыш Президент күні мерекесі тәуелсіздікпен сабақтас», – деді Елбасы.

2Мемлекет басшысы осыдан жиырма үш жыл бұрын біздің еліміз өз тарихында тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлауда өз қолбасшысын таңдағанын атап өтті.
«Сондағы маған көрсеткен 90 проценттен артық сенімнің арқасында мен он бес күннен кейін тәуелсіздікті жарияладым. Халықтың сеніміне сүйендім, халықтың сенімі күш-қуат берді. Содан бері біз жиырма үш жыл тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп келеміз. Ешкім танымайтын қазақты бүкіл әлем таныды, ешкім білмейтін Қазақстанды бүкіл жұртшылық, мемлекеттер таныды. БҰҰ алдында біздің жалауымыз желбіреп, көп мемлекеттермен қатар тұрды», – деді Н.Назарбаев.
3Елбасы елімізді өркендетіп, халқымыздың мерейін көтеру үшін көп істер атқарылып жатқанына тоқталды.

«Қиыншылықтарға қарамастан «Нұрлы жол» деген жаңа бағдарлама, 2050 жылға дейінгі Стратегия қабылданды. Осының барлығы сіздер, жастар үшін жасалып жатыр. Біздің буын осының бәрін сіздер қастерлеп-қадірлеп, тәуелсіздікті қасық қаны қалғанша қорғайды деген сеніммен жасап отырмыз», – деді Президент.
Мемлекет басшысы сөз соңында жастарға аманатын жеткізді.

48«Мен сіздерге бақытты болашақ, зор денсаулық тілеймін! Ел аман болса, жұрт тыныш болса, бақыт сонда болады. Халық бірлігін сақтаңдар, білім алыңдар, аянбай жұмыс істеңдер. Ел бақытты болсын! Біздің Отанымыз біреу – бұл Қазақстан. Қайда жүрсек те, қайда барсақ та Отанымыз жалғыз. Отан деген ыстық. Қаны бірдің, жаны бірдің, Отаны бірдің болашағы бір. Алла сендерге бақыт сыйласын, 5ғұмыр сыйласын, бақытты болыңдар!» – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Мерекелік шарада театрландырылған көріністер қойылып, қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.11

BNews.kz

Айымгүл ӘБІЛЕВА, суретті Бауыржан Жуасбаев түсірген

 

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field