Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

ЖОО аяқтағаннан кейiнгi алғашқы жылы жастар жұмысқа сынақ мерзiмiнсiз алынады

Шарипа Нуржанова Желтоқсан 9, 2014 0
ЖОО аяқтағаннан кейiнгi алғашқы жылы жастар жұмысқа сынақ мерзiмiнсiз алынады

ЖОО аяқтағаннан кейiнгi алғашқы жылы жастар жұмысқа сынақ мерзiмiнсiз қабылданады. Бүгiн Мәжiлiс депутаттары «ҚР Еңбек кодексiне өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы» заң жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдады, деп хабаралайды BNews.kz тiлшiсi.

Заңжобасы «Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы» заңды iске асыру үшiн әзiрлендi. Жастардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жөнiндегi әлеуметтiк проблемаларды шешу мақсатында ҚР Еңбек кодексiне толықтыру енгiзу ұсынылады. Нақтырақ айтқанда:
– 18 жасқа толмаған адамдар үшiн жұмысқа қабылдау кезiнде сынақ мерзiмiн алып тастау;

– жұмысқа алғаш кiрген жас маманмен еңбек шартын жасасу мерзiмiн айқындау.
«Заң жобасына депутаттар 40-тан астам түзету енгiздi. Оның iшiнде редакциялық сипаттағы 3 түзету қабылданды», – дедi өз баяндамасында Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов.

Министр Кодеске енгiзiлiп отырған түзетулерге толығырақ тоқталды.
«Жұмысқа алғаш кiрген жас маман мен екi жылдан кем емес мерзiмге еңбек шартын жасасу. Екiншi, 18 жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ техникалық және кәсiби, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламаларын игергеннен кейін оларды бiтiрген соң 1 жылдан кешiктiрмей алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кiретiн адамдарға сынақ мерзiмi белгіленбейді», – дейді министр.

Сонымен қатар, ол заң жобасының жастар құқығын қорғайтынын да тiлге тиек еттi.

«Жас мамандармен еңбек шартын жасасу мерзiмi ұзартылды және сынақ мерзiмi белгіленбейтін жастар санаты кеңейтiлдi», – деп толықтырды өз ойын Сәрiнжiпов.

веб-сайта BNews.kz «www.bnews.kz».

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field