Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Елбасы «Тығырықтан жол тапқан» фильмін тамашалады

Шарипа Нуржанова Желтоқсан 9, 2014 0
Елбасы «Тығырықтан жол тапқан» фильмін тамашалады

 Астанада Тұңғыш Президент күнінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шығармаларының желісімен түсірілген «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Тығырықтан жол тапқан» фильмінің тұсаукесері өтті. Жетпісінші жылдардағы өміржолын баяндайтын фильмді тамашалауға Елбасы да келді, деп абарлайды BNews.kz тілшісі.
«Тығырықтан жол тапқан» фильмі «Елбасы жолы» киноэпопеясының төртінші фильмі. Жаңа картина Мемлекетбасшысы партком хатшысы болып сайланып, үлкен саясатқа енд іараласа бастаған 1971 мен 1977 жылдар аралығын қамтиды. Бұл фильм Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт Көшбасшысына тән қасиеті қалыптасып, шыңдала түскен өмір жолының кезекті үзіндісі, жетпісінші жылдардағы үлкен портреті. Бұл фильмде де басты рөлді актер Нұрлан Әлімжан сомдайды.
Бұған дейін фильмнің режиссері Рүстем Әбдірашев әуелі картина «Партком хатшысы» деп аталғанын, соңғы мезетте ғана «Тығырықтан жол тапқан» деп өзгертілгенін хабарлаған болатын.
«Дайындық жұмысының соңғы кезеңінде «Партком хатшысы» деген картинаның бастапқы атауы барша көрерменге түсінікті болып, мазмұнын аша ала ма деген сұрақ туындады. Маған бұл атау осынау картина үшін тым тар мағынада сияқты көрінді. Сондықтан оны өзгерту керек деп шештік. Нұрсұлтан Әбішұлының өзөмірбаяны туралы кітабында біз жаңа лентамызда қамтып отырған кезең жайлы жазылған екен, ол бөлімі «Тұйық шеңбер» деп аталады. Онда Елбасымыз тығырыққа тірелген жерде қалай ұтымды жол тапқаны жайлы баяндалған. Біздің кейіпкер де тура солай тұйық шеңберді үзіп, тығырықтан жол тапқандай елестеттік. Осылайша, «Тығырықтан жол тапқан» деген атау біз баяндаған тарихи кезеңнің мазмұнын ашатындай көрінді», – дейді Рүстем Әбдірашев.
«Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Тығырықтан жол тапқан» фильмі 4 желтоқсаннан бастап Қазақстанның 25 қаласында көрсетіледі.
Айта кетейік, бұған дейін «Елбасыжолы» киноэпопеясының «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен» және «Темір тау» туындылары жарық көрді.

Айымгүл ӘБІЛЕВА

 

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field