Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Шарипа Нуржанова Желтоқсан 8, 2014 0

  Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде «Мемлекеттік тіл: кеше, бүгін, ертең» деген тақырыпта республикалық конференция өтті. Ұлт зиялылары және басқа да қазақ тілінің жанашырлары «Мемлекеттік тілдің мәртебесін қалай көтереміз?» деген сауалдың төңірегінде ой бөлісті.
Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 20 жылдан асып, Қазақстан Республикасы егемен ел атанып, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе беріліп, үлкен жобалар жүзеге асып, шет елдерді таңқалдырып жатқанда, өз мемлекетімізде ана тіліміздің мәртебесі сол калпында қалғаны – ар намысымызға нұқсан келтіріп жатыр. Ана тілімізді игеру, қолданыста қатесіз қолдану, келер ұрпаққа ана тілімізді бұрмаламай, мағынасын бұзбай тапсыру – біздің міндетіміз. Осы мақсатта  Мәдениет және спорт министрлігі, «Дегдар» қоғамдық қолдау қоры, Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетімен және Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқармасымен бірлесіп «Мемлекеттік тіл: кеше, бүгін, ертең» деген тақырыпта республикалық конференция өткізді.
Жиында негізінен «Мемлекеттік тілдің ахуалы бұрын қандай еді, бүгін қандай, ертеңі не болады?»  тақырыбы кеңінен сөз болды.  Осыған байланысты «Нұр Отан» партиясы Алматы филиалы төрағасының орынбасары С.Канкуров, Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы М.Ахетов, тіл жанашырлары — Асылы Осман, Қанат Тасыбеков, Ахметжан Ашири, Ахмет Аляз, «Gonzo.kz» сайтының редакторы Бақытжан Бұқарбай өз ойларымен бөлісті.
Ахмет Алияздың: «Біздің қазақ тілінде еркін сөйлегеніміз – мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін түсінгеніміз әрі мойындағанымыз. Түркия елінде де қазақ тілін оқытуға көңіл бөлінген. Колледж, университеттерде оқытылады. Түркі халықтарының көне жыр-дастандары – біздің ортақ байлығымыз. Әр халықтың тілі – сол халықтың болмысы. Ана тілінен айрылған халық өзінің болмысынан айрылады», Асылы Османның: «Қазақ халқында жаман қасиет жоқ. Менің бойымдағы жақсы қасиеттер қазақтан жұққан. Жастайымнан қазақтың арасында өстім. Әкем: «Өз тілдеріңді ұмытпаңдар, қазақ тілінде сөйлеңдер» деп өсиет етіп айтып кетті. Ұлтты сақтау үшін – оның тілін сақтау керек екенін естен шығармауымыз керек» деген сөзі көпшіліктің есінде қалды.
Республикалық конференцияны Дидахмет Әшімханұлы «Халықтың тілінен артық, халықтың тілінен жүрегіңе жақын келетін тіл жоқ. Жазушы, журналист – әріптестерім, халықтық тілді ұмытпайық! Ғалымдарға айтарым, халықтық тілді әлі де зерттеу қажет, жеке тақырып қылып алуымыз керек.» деп  қорытындылады.

ҚазҰУ ніңЮНЕСКО, халықаралық
журналистика және қоғаммен байланыс
кафедрасының 2 курс студенті Жансая Оспанова

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field