2014 жылдың 4 желтоқсанында сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кампусының әл-Фараби атындағы ғылыми кітапханасында «Мәңгілік ел – ұлттық идеясы: мәдени капиталды қалыптастыру мәселелері» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Қазақтың қайта өрлеу дәуірі: мәдени капиталды қалыптастыру мәселелері» атты І Халықаралық Гуманитарлық форум ашылады. Форумды Алматы қ. ЮНЕСКО кластерлік бюросының және Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті өткізеді.
Форум аясында гуманитарлық, әлеуметтік және саяси ғылымдар саласындағы ғылыми-зерттеу, білім және инновациялық жобалардың тұсаукесері өтеді.
Ғылыми пікірсайыстардың басты бағыттары:
«Мәңгілік ел» — идеологиялық платформа ретінде
j «Мәңгілік Ел» саяси, әлеуметтік, мәдени және инновациялық құндылықтар жүйесінде;
j Тарихи-семиотикалық артефакттар әзірлеу Тәуелсіз Қазақстанның бренді ретінде;
j Тілдік саясатты модернизациялау және дамыту қазақстандық Жаңа патриотизмнің басты компоненті ретінде;
j Қазақстандық қоғамдағы толеранттылық пен діни теңқұқылық қағидаларын айқындайтын жоғарғы гуманитарлық технологияларды әзірлеу;
j Ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтатын моральдық-этикалық нормалардың мәні, маңызы;
j Интеллектуалдық-инновациялық капитал – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігігін арттыру факторы ретінде.
Білім қоғамы
j Білім қоғамы инновациялық дамудың басым бағыты ретінде;
j Интеллектуалдық капитал және дәстүрлі ұлттық құндылықтар;
j Сандық-ақпараттық дәуірдегі ұлттық медиажүйе;
j Гуманитарлық технологиялар – болашақтың қоғамын құрудың базисі ретінде;
j Гуманитарлық білім және оның заманауи университеттік білім берудегі трансляциясы.
Гуманизм және гуманизация
j Бұқаралық коммуникацияны басқарудағы әлеуметтік медиа;
j Қазіргі заманғы ғылымдағы гуманитарлық мәселелерді жариялаудағы медианың рөлі;
j Гуманитарлық капитал елдік брендік ретінде;
j Саяси коммуникация және жаңа медиаплатформалар.
Біріккен Ұлттар Ұйымының 70-жылдығы қарсаңында БҰҰ күніне орай Бас Хатшы Пан Ги Мунның видеоарнауы тыңдалады. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні жыл сайын 24 қазанда аталады. Бұл күнді атап өту туралы шешім 1945 жылы БҰҰ Жарғысы күшіне енген күнге арналып, 1948 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының екінші сессиясында қабылданды. Келер жылы бүкіл әлем елдері БҰҰ-ның 70-жылдығы мерекесін атайды.
әл-Фараби ат. ҚазҰУ М. Барманқұлов ат. ТРК қолдауымен «әл-Фараби» студенттік радиосы дайындаған «БҰҰ радиосы жаңалықтары қазақ тілінде» жобасының таныстырылымы өтеді.
2103, 2014 жж. «Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясы Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарында және Семей, Ақтау және Форт-Шевченко қалаларында жүргізген зерттеулердің нәтижелері таныстырылады;
Экспедиция нәтижесінде әзірленген «Қазақстан халқының тарихи-семиотикалық құндылықтарының атласы» таныстырылады.
ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруының іргелі жобасының аясында жарық көрген ұжымдық монографиялар циклінің таныстырылымы өтеді.
Форумның өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кампусының әл-Фараби атындағы ғылыми кітапханасы, № 1 мәжіліс залы, 4 қабат.
Форум жұмысына Қазақстандағы БҰҰ өкілдігі, Польша, Белоруссия, Ресей елдерінен келген ғалымдар, БАҚ өкілдері, ғалымдар, оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысады.
Конференция материалдары жеке жинақ ретінде басылып шығады.
Материалды жариялауға қойылатын негізгі талап – конференцияға баяндама әзірлеу. Ұйымдастыру комитеті конференция жұмысының басында бағдарламаны және баяндамалар жинағын әзірлеп, басып шығарады. Баяндамалар мазмұны конференция тақырыбына сәйкес келуі тиіс.
Материалдарды тапсыру мерзімі 2014 жылдың 26 қарашасына дейін.
Жарияланымдарға қойылатын талаптар:
1. Баяндама (мақала) мәтінінің көлемі 5 беттен аспауы және ол MS Word бағдарламасында әзірленуі тиіс. Кестелер, сұлбалар, суреттердің атаулары көрсетіліп, олар Windows бағдарламасының формасында жасалуы тиіс.
2. Парақ параметрлері: барлық жиектері 2 см
3. Қарпі: Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14.
4. Жоларалық интервалы – 1. Қызыл жол: 1,25 см.
5. Сілтемелерді пайдаланғанда міндетті түрде ақпарат көзін көрсету керек, Әдебиеттер тізімі мәтін соңында үлгі ережелеріне сәйкес рәсімделеді. Мәтінде әдебиеттерге сілтемелер «тік» жақша ішінде ретіне қарай нөмірленіп белгіленеді. Мысалы: [1, 256].
Мақаланың (баяндаманың) электронды нұсқасын мына поштаға жіберуге керек: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz
Редакция алқасы баяндамаларды таңдау құқығын өзіне қалдырады.
ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ
- Толық аты-жөні____________________________________
- Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы__________________
- Мекеме қызметі____________________________
- Мекен-жайы__________________________________
- Телефоны (халықаралық байланыс кодымен, ұялы телефоны)______________________________________
6.E-mail_______________________________________
7. Мақала тақырыбы____________________________
Конференцияға баяндама әзірлеу
Тыңдаушы ретінде қатысу
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі – саяси ғылымдар докторы, профессор Гүлмира Сұлтанбаева
Телефоны: (8-7273) 77 33 40, ішкі 1351
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыстар және халықаралық байланыстар бойынша орынбасары – Дана Байғожина.
Телефоны: (8-7273) 77 33 40, ішкі 1351