Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының докторы, ұстазымыз Сейдулла Садықовтың 357 беттен тұратын «Казахи. Проблемы национального идентификации и национальной идентичности в прессе Казахстана» («Қазақтар. Ұлттық идентификация және ұлттық бірегейлік проблемалары Қазақстан баспасөзінде») атты монографиясының Германияның Халықаралық баспа үйінде (Palmarium Academic Publishing) басылып шықты. Германияның Халықаралық баспа үйінің (Palmarium Academic Publishing) негізінен осындай ғылыми зерттеулерді әлемдік аудиторияға кеңінен таныту болып табылады.
Ғалым С.Садықовтың ғылыми-зерттеу мақалаларын АҚШ, Исландия, Ресей, Қытай елдеріндегі импак-факторлы журналдарда ағылшын тілінде, сонымен қатар Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан басылымдарында түрік, әзербайжан, өзбек, орыс тілдерінде жарияланып келеді.
Авторды осындай үлкен зерттеу еңбегінің әлемдік баспадан шығумен құтықтаймыз және творчествалық табыс тілейміз.
Әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университетінің журналистика
аға оқытушысы Ш.С.Нұржанова