Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

«Қазақстандағы PR-жағдайы» дөңгелек үстел

Шарипа Нуржанова Қараша 20, 2014 0
«Қазақстандағы PR-жағдайы» дөңгелек үстел

                                                           

Қарашаның 18 күні Тұран университетінде журналистика және қоғаммен байланыс факультетіның басшылығы ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шара «Күнделікті өмір мен ғылыми-білімдегі PR» тақырыбына арналды. Бұл кездесуді ұйымдастырудағы басты мақсат студенттер мен оқытушылар арасына қоғамдық ортадағы тәжірибе мен теориялық PR-дың рөлін, сондай-ақ жастарға берер әсерін ортаға салған еді. Соған орай, дөңгелек үстелде ортаға салынған тақырыптар:

  1. Қазақстандағы қоғаммен байланыстың жағдайы;
  2. ҚР білім мен ғылымындағы қоғаммен байланыстың көрінісі;
  3. Артықшылықтары мен кемшіліктері;
  4. Күнделікті өмірдегі қоғаммен байланыс саласы;
  5. PR-дың жаңа заманауи технологиялары;
  6. Қазақстандағы консалтинг мәселесі .

PR-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері мен оқытушылары қонаққа шақырылды. ҚазҰУ журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушылары Мақпал Арғынбаева, Шарипа Нұржанова, Эльмира Сұлтанбаева көш бастап келіп,  кездесуге қосқан үлестері де аз емес. Ұйымдастырушылар мен келген қауым тақырып аясында дискусия құрып, белсенді атсалысса керек. Әрине, «Сын болмай – мін болмас» – демекші дөңгелек үстел айтарлықтай жоғары деңгейде өтті деу қиын-ақ. Олай дейтініміздің  себебі, «Тұран» университетінің журналистика және қоғаммен байланыс мамандығы мұндай шараны алғаш алға тартып отырған көрінеді. Дөңгелек үстел орыс және қазақ тілінде өтті. Жиынға қатысушы қонақтар сонау Айви Ли мен Рокфеллер заманынан бастап дәл бүгінгі таңдағы түйткіл болған мәселелерді талқыға салған еді. Жастар бар ойын ортаға салып, шешу жолдарын ұсынып, тіпті қызбалыққа берілген студенттер қара, ақ т.б. пиардың шетелде орын алмағандығын айтып, жоққа шығарды. Бұл әрине өз кезегінде қате тұжырым болса керек. Себебі, батыс елдеріндегі қоғаммен байланыс саласында мұндай түсініктер әлдеқайда ертеде шешіліп қойғаны мәлім. ҚазҰУ студенттерінің тарапынан «Медианет» орталығының ашылуын айтып, ортаға салып, оның қызмет аясындағы механизмін ұсынған болатын.  Яғни, болашақта келер ұрпақтың қоғаммен байланыс саласынан жан-жақты білімділігін арттыру мен сол жолдағы тосқауылдардың алдын алу маңыздылығы айтылса, енді бірі  пиар ұғымы туралы жан-жақты ақпараттың қазақ қоғамына қажеттілігінің жоқтығын айтқандары тағы бар. Әйткенмен де, оның қазіргі таңдағы ахуалы ешбір сын көтермейді десек қате болмас. Сонымен, тоқсан сөздің тобықтай түйіні бұл шаралардың жастарға тигізген септігі артық болмаса, зияны болмақ емес. Айта кетелік, дөңгелек үстелде көтерілген мәселе қатысушы жиын арасында үлкен резонанс тудырды.  Пікір талас нәтижесі Тұран мен ҚазҰУ университеттерінің арасындағы татуластығы пен достастығы нығая түскенінен көрініс береді.  Алдағы уақытта осы тақырыпты шарықтау үшін, түйсіктен шыққан идеяны дамытуға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультеті «Тұран» университетінің  студенттері мен оқытушыларын қонаққа шақырған-ды. Дөңгелек үстелге атсалысқандардың барлығына дерлік марапаттау грамотасын ұсынған еді. «Елді өзгертуге үйір болсаң, алдымен өзіңнен баста» – демекші, бар көкейкесті болған мәлеселер мен тосқауылды өзімізден бастап, санамыздың өзгеруіне жол ашсақ игі еді. Ал көтерілген тақырып сол ортада қала бермей, алдағы уақытта өз шешімін табады деп сенеміз. Олай болса, PR мәселесі жастар еншісінде қала бермек. Себебі болашақ жастардікі…

 Ақнұр Жоламанова

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field