Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Қос жұлдызбен кездесті

Шарипа Нуржанова Қараша 19, 2014 0
Қос жұлдызбен кездесті

Жақында журналистика факультетінде белгілі актер Азамат Сатыбалды мен актриса Жастар сыйлығының лауреаты Асқарова Шынар Мұқанқызының қатысуымен «Театр – өмір айнасы» атты кездесу кеші өтті. Кешті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы «Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында ұйымдастырды.
Жастардың театрға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған кездесуде М.Әуезов атындағы драма театрдың қос актері өнер жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, театрдың құдіретті күші хақында сыр шертті. Сондай-ақ студенттер көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, жылы лебіздерін де білдірді.
rtpltceКеш барысында Шынар Асқарова: «Кинода камера үшін жұмыс істесең, театрда көрермен үшін жұмыс істейсің. Образды сомдағанда жан дүниеңмен беріліп ойнаған соң, іште салмағы, ізі қалады,» – деп театрдың ерекше сезімдерімен бөліссе, Қорқыттың ролін сомдауға дайындалып жүрген Азамат Сатыбалды: «Қазір біздің театрға әлемдік деңгейдегі Йонас Вайткус деген режиссер келіп, «Қорқыт» спектаклімен жұмыс істеп жатыр. Мамыр айында келіп, біздің бүкіл спектакльдерді көріп шығып, Қорқыт роліне мені таңдапты. Қорқыт көп рольдің бірі емес. Сондықтан дайындық үстіндеміз» – деп актер болудың оңай еместігін түсіндірді .
Қорыта айтқанда, факультет пен театр арасындағы байланысты жолға қойып, жастардың театрға сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған кездесу кеші өз мақсатына жетті десек болады. Болашақ журналистердің қос актердің шығармашылығымен жете таныс екені қойған сауалдарынан айқын аңғарылды. Алғашқы лықсып келген ойды іркіп қалуды білмейтін жастар олардың өнері, жеке өмірі туралы сауалдарын бүкпесіз қойып, актерлерден шынайы жауап күтті. Себебі кез келген өнер адамымен кездесуде танымын кеңейтіп, өздері үшін көлеңкелі жайттың күнгейін көріп, тұщымды жауап алып, көңіл көкжиегін кеңейтті.

Ақбота Ерболқызы,
3-курс студенті,
Әйгерім Әлімжан,
Журналистика факультетінің аға оқытушы

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field