Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Шарипа Нуржанова Қараша 18, 2014 0
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2014 жылғы 5-желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетінің баспа ісі және дизайн кафедрасы мен «Қазақ газеттері» ЖШС «Қазақ газеттері» бірлестігінің 15 жылдық мерейтойына арнап,  «Қазақстандағы ақпараттық үдерістер: замана талабы мен талғамы»  тақырыбына халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференцияда Қазақстан ақпараттық кеңістігінің түйінді мәселелері талқыланатын болады.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына алыс және жақын шет елдер ғылыми қауымдастығының, сарапшылар қауымдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ ЖОО оқытушылары мен магистранттары, докторанттары қатысады. Баяндамалар мен хабарламалар төмендегі секцияларда талқыланады:

1 – секция: «Бұқаралық ақпарат құралдарының тыныс-тіршілігіндегі ғаламдық өзгерістер: Қазақстан ерекшеліктері»;
2 – секция: «Қазақстан баспа бизнесі мен полиграфиясының даму бағыттары мен новациялары»;
3 –  секция: «Қоғаммен байланыс пен жарнаманың жаңа технологиялары».

Конференцияның  нәтижесі бойынша материалдар жинағы басылып шығады. Мақалалар тегін жарияланады.
Баяндама мен хабарламалар  мәтіндерін мына адреске: e-mail: : kaz_gazeta@mail.ru, ndanaeva@mail.ru электронды адресіне жіберіңіздер немесе
8 (727) 394 4290 тел.  хабарласыңыздар.

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

А4 форматында компьютерде терілген мақала көлеміне шек қойылмайды. Беттің өлшемі: жоғарғы жағы – 20 мм, төменгі жағы – 20 мм, сол жағы – 20 мм, оң жағы – 20 мм. Шрифт өлшемі – 14. Times New Roman, KZ Times New Roman. Жоларалық интервал – 1. Оң жақ жоғарғы бұрышқа автордың тегі мен аты жазылады, төменірек келесі жолда ғылыми дәрежесі мен атағы; оның астына ұйымның аббревиатурасы мен қала, ал төменірек, бір жолдан кейін бас әріптермен, майлы шрифтпен ортаға түзелген күйінде мақаланың аты жазылады; төменірек бір жолдан кейін – мәтін. Мәтін түзетілуге жатпайды және түпнұсқа болып есептелінеді.

Құрметті әріптестер!

 

    Бұл конференция еліміздің ақпараттық кеңістігінің көкейтесті мәселелеріне арналған қорытынды сипаттағы  ғылыми-теориялық және тәжірибелік шара болып табылады. Қалыс қалмай, қатысуларыңызды өтінеміз.

Ұйымдастыру комитеті

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field