Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

«Қазақстан журналистикасының бүгіні мен болашағы»

Шарипа Нуржанова Қараша 3, 2014 0
«Қазақстан журналистикасының бүгіні мен болашағы»

Осындай тақырыппен Әл-Фараби Ғылыми кітапханасының мәжіліс залында журналистика факультеті, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті және Бас редакторлар клубы қолдау көрсетті.
Іс-шараның негізгі мақсаты: еліміздің беделді де белді Бұқаралық ақпарат құралдары басшыларын, жетекші өкілдерін, белгілі ғалым-ұстаздардың басын қосып, журналистиканың заманауи талаптарға сай дамуы мен модернизациялау мәселелерін талқылау болатын.
Журналистика

Журналистика-1

Журналистика-2Конференцияның модераторы Жетінші арна Директорлар Кеңесінің төрайымы, БАҚ саласындағы ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, Бас редакторлар клубының Президенті Бибігүл Жексенбай жүргізіп отырды.
Аталған шараға «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры, редакторлар кеңесінің төрағасы Кенжалин Жұмабек, «Түркістан» газетінің бас редакторы Паттеев Шәмшидин, «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Cраил Смаил, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы, «Алаш айнасы» газетінің бас редакторы Серік Жанболат, «Вечерняя Алматы» газетінің бас редакторы Николай Жоров, «Президент және Халық» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев, «Abai.kz» ақпараттық портал жетекшісі, танымал журналист Дәурен Қуат, «Экономика» газетінің бас редакторы Ақас Тәжүтов, «Қазақ радиосы» Алматы студиясының бас редакторы Мұрат Мұқаш т.б қатысып, Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Конференция ректор Ғалым Мұтанұлының алғы сөзімен ашылды. Ғалым Мұтанұлы өз сөзінде: «Бүгінде жаһандық деңгейде орын алып отырған баспа және электронды БАҚ-тың бәсекелестігі ұлттық бұқаралық медиа саласын да шарпып отырғаны рас. Бұл заңды құбылыс. Осынау электронды үрдістердің жылдам дамып отырған кезеңінде қазақстандық бұқаралық ақпарат саласының мәселелері, дамуы, болашағы академиялық ортада талқылануы, зерттелуі қажеттігін бас айтқым келеді. Сондықтан интеллектуалды құндылықтарды қалыптастастыратын ғылыми журналистиканың, коммуникация туралы ғылымның мәртебесі артуы қажет. Бұл сондай-ақ жоғары мектепке жаңа медиатехнологияны еркін меңгерген болашақтың журналистерін дайындауды талап етеді» – деді. Сонымен қатар: «Осы орайда Бас редакторлар клубымен ҚазҰУ арасындағы ынтымақтастықтың аясында бірлескен жобалар жүзеге асады, үлкен болашағы болады деп күтілуде», – деп ойын сабақтады.
Жалпы конференцияда барлық қатысушылар, оқытушы-профессорлар бүгінгі журналистиканың дамуы мен болашағы, бұқаралық коммуникация арналарының мәселелерін кеңінен талқылап, шешуші жолдарын ұсынды. Бірлескен ауқымды жобалар аясында студенттердің шығармашылық жұмыстарын тікелей өндіріспен байланыстырудың оңтайлы жолдары ұсынылды.
Қорыта айтқанда, еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен өкілдерінің қарашаңырақта бас қосып, келелі де сабдарлы мәселелерді талқылауы болашаққа жасалған игі қадамдар деуімізге болады.
Әйгерім Әлімжан,
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы
меңгерушісінің орынбасары, аға оқытушы

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field