Республикалық студенттерге арналған «Үздік PR жоба» байқауы
Құрметті «Қоғаммен байланыс», «Журналистика» және « Маркетинг» мамандығының студенттері!
Сіздерді Қазақстан баспасөз клубының 20-жылдығына байланысты
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ имиджі үздік студенттер жобасына қатысуға шақырамыз
Жұмыстың құрылымы:
1. Титул парағы – тақырыбы, автордың аты-жөні немесе авторлық топтың тізімі (ғылыми жетекші), ЖОО, қала, жыл.
2. Жоба мазмұны.
3. Қосымшалар.
Жұмыстың мазмұнында көрсету қажет:
1. Жоба мақсаты.
2. Жобада шешілуге тиіс міндеттер мен мәселелер.
3. Жобада көрініс табатын болжамдық немесе нақты құбылыстарды сипаттау.
4. Жобаны жүзеге асырудың болжамдық мерзімі.
5. Жоба аудиториясы.
6. Жобаны жүзеге асыру сипаттамасы.
7. Қолданылатын технологиялардың, PR әдістері мен құралдардың сипаттамасы.
8. Жоба жүзеге асатын жағдайда автор көздеген нәтижелер.
9. Жобаның күтілетін немесе нақты бюджеті.
10. Қосымшаға енгізу қажет: пресс-релиз мәтіндері, жарияланымдар, жобаға енетін іс-шара сценарийі, жарнамалық өнімдер және жобаға қатысты өзге де материалдар мен құжаттар.
Жобаны бағалау талаптары:
1. Қойылған міндеттердің күрделілігі, автор шешетін мәселелердің өзектілігі.
2. Ойдың жаңашылдығы мен түпнұсқалылығы, міндеттерді шығармашылық тұрғыда шешу.
3. Креативтілік және жаңа идея.
4. Жұмыстың практикалық құндылығы.
5. Таңдалған технологиялар сәйкестігін негіздеу.
6. Жұмыстың безендірілуі. Өз ойын нақты, сауатты, кәсіби баяндау.
7. Презентацияны қорғау және сөйлеу шеберлігі.
2014 жылдың 21 қараша күні Қазақстанның жетекші PR-мамандары мен журналистері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың және Қазақстан баспасөз клубы басшылығының қатысуымен Студенттік баспасөз орталығының ашылу салтанаты өткізіледі. Іс-шарада «Үздік PR жоба» байқауының нәтижесі мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болады.
Өтетін орны:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті, 201 ауд.
Ғылыми жобаны ұйымдастыру комитетіне esenbek.zhumagaly@gmail.com
электрондық адресіне 18 қарашаға дейін тапсыру қажет. Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен жұмыстар қабылданбайды.
Қосымша ақпараттар үшін:
ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы, 8 (727) 3773443, моб. 8 701 993 90 07.
Кафедра меңгерушісінің орынбасары Есенбек Жұмағали Бейсенбайұлы 8 (727) 2211344, моб.7784937192
Басқа университеттің студенттерінің қатысуына болады ма?