Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Болашақ журналистер белсене ат салыспақ

Шарипа Нуржанова Қазан 31, 2014 0
Болашақ журналистер белсене ат салыспақ

Ел президенті 2012-жылғы халыққа жолдауында біздің азаматтардың қоғамдық ортақ мүлікке, мемлекет игілігіне деген көзқарасын өзгертуге ең алдымен БАҚ өкілдері ат салысу керек деген болатын. Осы өзекті мәселеге байланысты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –дың Журналистика факультетінде семинар өткізілді.
Семинарға студент жастармен қатар ұстаздар қауымы және белігілі журналист Кенжеболат Махмұтұлы Жолдыбай қатысты. Қатысушылар алдымен қоғамдағы келеңсіз жайттар мен оқиғаларды қозғап, кейін солардың шешу жолдарын іздеді. Мәселен, болашақ журналистер тарапынан «Телеарналардан бейәдеп көріністерді көрсетпеу, тәрбиені мектептен бастап, тіпті жоғарғы басшылыққа дейін енгізу керек» деген ұсыныстар ұсынылды. Ал Кенжеболат Махмұтұлы өзінің көп жылдық журналистік және өмірлік тәжірибесінде көрген БАҚтың қоғамдық рөлі жайында сөз қозғады. Біреу білер, біреу білмес аталған тұлға соңғы екі жыл бойына «Бас редакторлар клубы» Республикалық қоғамдық ұйымның президенті болып қызмет еткен.
Енді негізгі тақырыпқа келсек. Н. Әбішұлы «Қазақстан – 2050» стратегиялық жобасында: «Біз бұзақылыққа, мәдениетсіздікке төзбеуіміз керек, себебі бұл қоғамдық тыныштықты бұзады, өмір сүру сапасын төмендетеді» дей келе біздің оған төзбеуіміз керектігі жайында нөлдік төзімділік теориясын айтып кеткен еді. Семинар қорытындысы бойынша болашақ БАҚ өкілдері өздерінің осы жолда көптеген қызмет істеулері керектігін сезініп, үлкен серпіліс алып қайтты. Және осы семинарда айтылған мәселелер нәтижесінде арнайы жоба жасамақ.
Қоса кетейік 31-қазан күні «Қазақ» радиосынан Кенжеболат Жолдыбаймен осы тақырып жөнінде радио-әңгіме тыңдай аласыздар.
 

Төленді Ақниет Аманжолқызы

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field