Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

«Қазақстандық дикторлық мектептің қалыптасуы, дамуы және болашағы» атты республикалық дөңгелек үстел өтеді

Шарипа Нуржанова Қазан 23, 2014 0

22 қазанда  Әл –фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің Т. Қожакеев атындағы залында сағ. 10:00-де Қазақстан Журналистер Одағы, Қазақстан Журналистер Академиясы, «Қазақстан» РТРК қолдауымен тұңғыш қазақ дикторы, ұлттық дикторлық мектептің негізін қалаған Мина Сеитованың 95-жылдық мерейтойына арналған Бірінші Сеитова оқулары аясында «Қазақстандық дикторлық мектептің қалыптасуы, дамуы және болашағы» атты республикалық дөңгелек үстел өтеді.  

 Дөңгелек үстел барысында Қазақстандағы дикторлық өнердің дамуы және бастамалары, «Қазақ радиосындағы» дәстүр жалғастығы мен болашағы, онлайн радиодағы дикторлық шеберлік және сандық технологиялар дәуіріндегі радио мәселелері талқыланады.
Дөңгелек үстел барысында ең үздік студенттік аудиожобалар байқауының жеңімпаздары марапатталады. Олардың қатарында студенттік «Әл-Фараби» радиосының редактор-жүргізушілері мен «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» аудиохрестоматиясын дыбыстауға атсалысқан студенттер бар.
Шара кезінде “Хабар” арнасы түсірген “Микрофон включен” атты деректі фильм көрсетіліп, диктордың даусы жазылған хабарлар топтамасы таныстырылады.
Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Президентінің Алматы бюросының  Баспасөз қызметінің жетекшісі В. Жандаулетов, Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы С. Матаев, Қазақстан Журналистер Академиясының президенті С. Қозыбаев, «Қазақ газеттері» ЖШС Президенті Ж. Кенжалин, «Қазақ радиосы» Алматы студиясының Бас редакторы Мұрат Мұқаш, елімізге танымалы дикторлар Л. Аймашева, Л. Сеитов, А. Еңсебаев, С. Жақанова және факультеттің оқытушы-ғалымдары, БАҚ өкілдері, студенттер мен магистранттар қатысады.

 

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field