Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

ҚАЗАҚ ЭФИРІНДЕ: ЖАҢА РАДИО!

Шарипа Нуржанова Қазан 7, 2014 0
ҚАЗАҚ ЭФИРІНДЕ: ЖАҢА РАДИО!

Расында да бұл ұлттық форматтағы радиотыңдаушыларымыздан сүйінші сұрайтындай, жағымды жаңалық еді. «Алаш медиа» холдингінің азаматтары Қазақстанның ақпарат кеңістігіне тағы бір таза мемлекеттік тілде хабар тарататын ақпарат құралы – республикалық «Жұлдыз» жастар мен студенттер радиосын ҒМ 101,4 әуе толқынына шығарды. Тәуелсіз мемлекетіміздің ақпарат кеңістігін қорғаудағы олардың осы қадамдары барша тыңдаушыларды тағы да бір қуанышқа бөлеп отыр. Бұған дейін де, атай кетсек, «Алаш медиа» холдингі:  «Вести кз», «Тенгри ньюс», «Массагет кз», «Алаш айнасы» сияқты интернет порталдары мен «7 арна», «СТВ» телеарналарының хабар таратуларына тікелей қолдау көрсетіп келеді екен.
Кездесу-3Жақында журналистика факультетінің үлкен акт залында студент-жастардың осы «Алаш медиа» холдингінің бас продюссері Әзімхан Ахметовпен кездесуі болып өтті. Факультеттің аға оқытушысы Құдиярбек Ағыбаев пен доцент Клара Қабылғазина және Әмір Молдабековтар ұйымдастырған бұл кездесуге бірінші және төртінші курс студенттері  түгелдей  жиналды.
Арнаның бас продюссері Ә. Ахметов студенттерге жаңа радионың бүгіні мен болашағы  туралы әңгімеледі.
–         Қазіргі таңда ақпарат кеңістігімізде хабар тарататын радиолар аз
емес. Бірақ, Қазақ радиосынын басқа олардың басым бөлігі дерлік орыс тілінде сөйлейтін радиолар екені дау тудырмайды, – деді Ә.Ахметов өз сөзінде. – Біз осы кемшіліктің орнын толтыру мақсатында таза мемлекеттік тілде тәулігіне 24 сағат хабар тарататын радионы өмірге әкелдік. Қазіргі сәтте негізінен, әуе толқынындағы жиіліктерді тестілеу процесін  бастан өткерудеміз. Ол дегеніңіз – біздің тарататын ән-әуендеріміз бен хабарларымызды республиканың 15 облыс орталығы мен үш қаласына (Семей, Жезқазған және Теміртау) таратудың дыбыстық жүйесін ретке келтіріп жатырмыз. Алла сәтін салса, 10 қарашаға дейін осы жұмыстарды бітіріп, тұсау кесерін жасамақпыз. Содан кейін «Жұлдыз» жастар радиосы тұрақты түрде өз хабарларын республика аумағына тарата бастайды. Қазірше қысқа ақпараттар мен ән-әуендер ҒМ 101,4 толқынында беріліп жатыр.
Кездесу барысында студентердің қойған сұрақтарына жауап берілді.
Мәселен, «Сіздер, қазақ радиосын қайталап жүрмейсіздер ме?» деген сұрақ қойылды.
–         Шындығына келсек, біздің бәріміз сол Қазақ радиосының
«шекпенінен шықтық», – деді Ә.Ахметов.–Бұл радио ұлттық форматта сөйлегенімен онда бәрі де бар. Үлкендерден бастап кішіге дейін арналатын хабарлар.  Мемлекеттің арнасы болғандықтан  бірнеше тілде хабар таратады. Ал, «Жұлдыз» радиосы таза қазақ жастарының арнасы болмақ. Мақсатымыз – тілдік ерекшелікке байланысты сырттап қалған қазақ жастарын ішке тартып, сол аудиторияға саналы дүниелер беру, үздік туындыларды ұсынып, заманауи, жас композиторлардың дүниелеріне жол ашу.
«Қандай рубрикалар, шапка, джингл, ұрандар жасап жатырсыздар, олар қандай бағытта әзірленуде», – деген  студент сұрағына: «атақты композитор Кеңес Дүйсекеевтің «Сәлем, саған, туған ел!» деген әнін бас ұран етіп алдық» деді продюссер.
Кездесу соңында жастар келген қонаққа домбыра ұсынып, қазақтың дәстүрі бойынша «Ауылдың алты ауызын»  айтуын өтінген еді. Қонақ бұл сыннан да сүрінбей өтіп, бірнеше күй орындап, көпшіліктің құлақ құрышын қандырды.

     Құдиярбек Ағыбаев

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field