Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

КЕЗДЕСУ ҚЫЗЫҚТЫ ӨТТІ

Шарипа Нуржанова Қазан 7, 2014 0

Мастер классЖақында журналистика факультетінің 2-ші және 4-ші курс студенттерімен белгілі актер, Қазақстан Республикасының кино қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының профессоры Шаяхмет Имашұлымен кездесу болды. Аға оқытушылар Құдиярбек Ағыбаев пен Дана Байғожина ұйымдастырған бұл «Шеберлік сыныбында» Ш.Имашұлы қазақ киносының тарихы, шығармашылық жолы туралы қызғылықты  естеліктер  айтты. Сабақтың екінші бөлімінде студенттердің өтініші бойыншапоэзияға кезек берілді. Кезінде қазақтың көрнекті ақын қызы Марфуға Айтқожина апамыз көркемсөз оқу шебері Шаяхмет Имашұлына:  «бір басыңа сан ақынды сыйдырған жігіт екенсің, айналайын!» деп баға берген екен. Соның жарқын дәлелі ретінде,  сан қырлы өнердің иесі Шаяхмет  Имашұлы  өзінің репертуарындағы көптеген ақындардың өлеңдерін нақышына келтіріп,  жатқа орындады. Әсіресе, ақиық ақын Мұқағали жырларына кезек келгенде жастар ортаға ақынның өзі тіріліп келгендей әсерге бөленді.

Мастер класс-2Кездесу соңында Ш. Имашұлы студенттердің қойған сұрақтарына жауап беріп, өзі бас болып ұйымдастырып жүрген, 48 жасында дүниеден өткен қазақтың талантты ақыны Ерұлан Бағаевтың  Қазақстан Жазушылар Одағының үйінде 9 қазан күні өтетін «Мен әлі тірілемін..» атты жыр кешіне жастарды  шақырып, билеттерін таратты.

   Құдиярбек Ағыбаев.

 

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field