Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Ана тілім

Шарипа Нуржанова Қазан 3, 2014 1
Ана тілім

Қазақстан – өзінің геосаяси орналасуы мен этникалық құрылымы жағынан ерекше көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет. Төзімділік пен адамгершілік, кеңпейілділік пен қонақжайлылық сынды қазақ халқының мұндай қасиеттері жүзден аса ұлт өкілдерімен тіл табысып, қызмет етуге мүмкіндік береді. Тілдер мерекесі достық пен татулық идеясын насихаттап, елжандылық пен жалпы адамилық қасиеттерге үндейді.
Мерекеге орай барлық факультеттерде тіл тақырыбында түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» тақырыбында поэзияда қаламын ұштап жүрген журналистика мамандығын тандаған бірінші курс студенттері ана тіліне арналған туындыларымен таныстырды.

Гүлнәр Мұқанова,
тарих ғылымдарының кандидаты,
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті

 

Ана тілім
Түбім – түркі, алты алаштың бірімін,
Атажұрттың иесімін, жырымын.
Қазақ тілі – Ана тілім ардақты,
Сақ пен Ғұнның саңқылдаған үнімін!
Ана тілім – кілті құпия ғаламның,
Күмбірлеген күйі байтақ даламның.
Жаһанданып жатқан мына заманда,
«Шұбарланып қала ма?» – деп алаңмын.
Ана тілім – аманаты халқымның,
Қасиетті, қымбат және жалқы ұғым.
Ана тілім өлсе егер бір күні,
Мен – мақаумын, адам емес – жартымын!

 

Ұлтым ұлылықтың белгісі
Мен қазақпын
Ұрпағымын азулы көк бөрінің,
Үмбетімін жаратқан Көктегінің!
Тасқа қашап басылған тарихым бар,
>Жазуымен ұлы хан Күлтегіннің.
Мен қазақпын
Рухым мықты халықпын, намысшылмын,
Басына биік шығамын алыс шыңның.
Атырау мен Алтайдың арасында
Арманымды желменен жарыстырдым.
Еңбекқормын
Маңдай термен өмірді түрлендірдім.
Кетпен шаптым, мал бақтым, жиренбедім.
Бейбарыстай сұлтанның ұрпағымын
Құл болуды ешқашан үйренбедім!

Мен Ұлымын
Ұлылық бар ұлтымның есімінде
Ұлы далам тербеткен бесігінде.
Фараби, Абай, Шоқан ұрпағымын
Ешкімнің жүре алмаймын есігінде!!!

Ақерке Төлеген, журналистика факультетінің 1 курс студенті

Бір пікір »

  1. МиКо Қараша 23, 2014 at 3:54 тк - Жауап

    Жарайсың, Ақерке!!!

Пікір жазу »

Жауп болдырмау үшін мынаны нұқыңыз.


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field