Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

ЕҢ ҮЗДІК ТОП

Шарипа Нуржанова Тамыз 30, 2014 0
ЕҢ ҮЗДІК ТОП

Өз істерінің болашақ майталмандары…

Адам өміріндегі студенттік жастық шақ – білім-ғылым қуған кезеңмен қатар, биік парасат құндылықтарға және керемет сезімдерге толы. Жалынды жастықтың осы қасиеттері университеттік «Ең үздік студенттік топ» байқауының жеңімпаздарында жақсы ұштасқан. Оның нәтижесін байқауда топ жарған география және табиғатты пайдалану факультетінің геодезия және картография мамандығының ГК-114-115 тобының студенттері екенін мақтанышпен айтуға болады.

Бұл топ байқауда өздерін  әлем әдибиетінің жауһары Александр Дюманың “Үш нояндар” романының: “Бірі – бәрі үшін, бәрі – бірі үшін!” ұранын шынайы көрсете білді. Нәтижесінде, топ мүшелерінің “Бөлінгенді бөрі жейді”, ал “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” деп университетте ең үздік топ екенін көрсете білді. Бұл әрине оқу мен ізденістің, парасат пен ізеттіліктің, тәртіп пен инабаттылықтың және ең бастысы ұйымшылдық пен ауызбіршіліктің жемісі. Халқымыздың: “Алтау ала болса, ауыздағы кетеді; төртеу түгел болса, төбедегі келеді”,-деген асыл сөзі де өзінің мәнің осы күнге дейін жоғалтқан емес.

Байқауда топ жарған осы топқа жаз мезгілінде «Сұңқар» студенттер кәсіподағы Елордасы Астана қаласына жолдама бөліп, бас қаланың тамаша сәулет өнерімен танысуға жол ашты. Студенттер қаланың сан алуан кереметтерін тамашалап, өздерінің осы болашақ қаланың тұрғындары екенін сезініп қайтты.

Ұйымшылдығы мен берекесі ұштасқан топ қана өзін биіктерге көрсетіп, дәлелдей алады. Сол сияқты геодезия және картография мамандығының ГК-114-115 тобының университеттегі бұл жеңісі мен жемісі әлі талай топтың алдында үлгі болары сөзсіз!

Ғалымжан  Алиасқаров,
картография және геоинформатика
кафедрасының доценті, г.ғ.к.,
ГК-114-115 тобының куратор-эдвайзері

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field