Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Ана сенің кішкентай бөлшегіңмін…

Шарипа Нуржанова Маусым 23, 2014 0
Ана сенің кішкентай бөлшегіңмін…

Қанибаева Гүлжанат
Журналистика факультеті, «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасы, 203-топ студенті

гүлжанатБүгін тағы көрдім сені түсімде…

Бүгін тағы көрдім сені түсімде.
Құдайым – ау, мынау көрген түсім бе?
Күлімсіреп келіп тұрсың сен маған,
Сен не көріп жүр екенсің түсіңде?

 

Мүмкін сенің түсіңде жоқ шығармын,
Жүрміз біздер арасында тұманның.
Сейілтерміз сол бір қара тұманды
Арасында төзім менен шыдамның…

 

Мен сені қинадым ба?

Мен сені қинадым ба?
Айтсаңшы, жылуымды, жүрегімді,
Өзге жанға сыйладым ба?
Сен сияқты өзге жанның бақыты боп,
Біреу үшін жұмақтан гүл жинадым ба?

 

Айтпайсың  ештеңені үнсіз жандай,
Таң қаламын өзіңе,
Жансың сен тілсіз қандай?

 

Көктегі қанатымды жаншып найза,
Самғай алмай қалды ғой құс арманым.
Түсінігі жоқ оыс бір жағдайдан соң,
Қанатымды кең жайып ұша алмадым.

 

Ана сенің кішкентай бөлшегіңмін…

 

Жүрегі толы мейірім мен сұлулыққа,
Сарқылмайды шуағынан жылулық та.
Көңілі – пәк, күлгені – бақ, тілегі – ақ,
Ана аты –  нәзік те, батыр, ұлылық та.

 

Көкке жазу бақытт маған есіміңді,
Жалықпадың қолдаудан шешімімді.
Қателессем, шалыс басып кейде мен,
Түсіндің, ана, күліп бердің кешірімді.

 

Тағдырына сәбиіңнің алаңдайсың,
Қамқоршысы өмірімнің данамдайсың.
Кең көңілді, өтеуі жоқ тең келетін,
Қасиетті, құтты мекен панамдайсың.

 

Ана көзі – нұр, шуақ төгілетін.
Ана сөзі – ақыл-ой өрілетін.
Ана ізі – мейірімнің бастауы,
Махаббаты кесте емес сөгілетін.

 

Сыйлау, қадір тұту аналарды,
Біз үшін бақыт болып саналады.
Үкілеген үмітін ақтаңыздар,
Ақ сүтімен бар жақсылық таралады.
Бақытымын өміріңнің өлшемінің,
Ана, сенің кішкентай бөлшегіңмін…

 

ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰТАС БАҒЫМ

 

Желтоқсанның он алтыншы жұлдызы,
Ұрандатып шықты алаңға ұл-қызы.
Колбин емес қазақ болсын басшымыз,
Есте қалар сол күндердің мұзды ізі.

 

Қарамады ұрғаныңа, соққанға,
Қорықпады алаулаған оттанда.
Жүректерде «Тәуелсіздік» үн шықты,
«Жетемізі деп арайлаған ақ таңға.

 

Алау!
Алау!
От-жалын!
Қазақтарды жазаладың, соттадың.
Нашақор деп айып тақтың бәріне,
Себебі, сен басқа жалған таппадың.

 

Қазір, міне,  тәуелсізбіз,  азатпыз,
Себебі, Біз- намысшыл халық қазақпыз!
Жетпіс жылда көндік жала, мазаққа,
Шыдадық біз «сорлы» деген  азапқа.

 

Жерімізде барлық ұлттың  қаны  бар,
Өзіндік бір салт-дәстүрі, сәні бар.
Ұлты бөлек болғанмен де, бәрінен,
Бойларынан патриот сезім табылар!

 

Ынтымағы, бірге болып ырысы,
Мәңгі достық – әлемнің бір тынысы.
Түрлі ұлттар  тұрып жатқан елімде,
Тату болғай әрқашанда ел іші.

 

Көктегі жарық, нұрлы күн мәңгі сөнбесін.
Татулық әркез биікке самғап өрлесін.
Халқымыз еш қайғы-мұң, азап көрмесін,
Біз өмір сүрген әлемге қатер төнбесін.

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field