Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Мәңгілік ел – нұрлы болашақ

Шарипа Нуржанова Маусым 16, 2014 0

ҚазҰУ-де жұмыс істейтін жастарға арналған ұйымдар, бірлестіктер мен топтар жетерлік. Олардың белсенділерінің көш басында журналистика факультетінің студенттерін де көптеп кездестіруге болады. Университетіміздің мәдени-қоғамдық өміріне айрықша атсалысып, көшбасшылық қасиеттерін шыңдап жүрген жастардың бірі – Маратұлы Алмас. Журналистика факультеті маслихатының төрағасы қызметін атқарған ол жуырда Семей қаласында өткен «Мәңгілік ел – нұрлы болашақ» атты Республикалық Жастар форумында Қазақ Ұлттық университетінің өкілі ретінде жоғары нәтиже көрсетіп қайтты. 7 бағыт бойынша жұмыс істеген форумда Алмас «Тіл тағдыры – ел тағдыры» бөлімінде «Мәңгілік ел болу үшін тіл білу басты құндылық» тақырыбында баяндама жасады. 3 күнге созылған форум Астана, Павлодар, Тараз, Шымкент, Түркістан, Ақтөбе, Алматы жастарының басын біріктірді. Аталған жиын барысында жастар Абайдың туған жері Жидебай өлкесіне саяхат жасап, рухани мұраның қыр-сырына қанығып қайтты. 

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field