Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі

Шарипа Нуржанова Мамыр 30, 2014 0

29 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған мерейтой онкүндігі аясында «Интеллектуалды оқудан – интеллектуалды ұлтқа» ұранымен «AlmatyBookExpo»  халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтті. Шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы, «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның Жазушылар одағы және Баспагерлер мен кітап таратушылар қауымдастығы ұйымдастырды.

Кітап жәрмеңкесі (3)«AlmatyBookExpo» халықаралық көрме-жәрмеңкесі ҚазҰУ ректоры Ғ.М. Мұтановтың сөзімен ашылды. ҚР Кітап палатасының президенті Ж.Т. Сейдіманов, Алматы қаласы «Нұр Отан» партиясы  қалалық филиалы төрағасының орынбасары К.І. Матыжанов, Мәскеу мемлекеттік баспа университетінің ректоры К.В. Антипов барлық кітап көрмесіне қатысушы баспаларды құттықтап, істеріне сәттілік тіледі.

Салтанатты шарада ТМД Кітап палатасы тағайындаған «Любовь к книге объединяет нас» халықаралық медалімен ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов, сонымен қатар баспа-полиграфия саласы, кітапхана жүйесі қызметкерлері, сонымен бірге ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы, Баспагерлер мен кітап таратушылар қауымдастығы, Қазақстан полиграфистер ассоциациясы, ҚР Кітапханалар қауымдастығы,  Қазақстан Жазушылар Одағы тағайындаған «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медалімен М. Шаханов, У. Қалижанұлы, Р. Құл-Мұхаммед, Б. Жақып, Ш. Күмісбайұлы,  З. Мансұров, т.б. ақын-жазушылар, ғалымдар марапатталды.

Кітап көрме-жәрмеңкесіне  отандық «Атамұра», «Мектеп», «Дәуір», «Фолиант», «Экономика», «Шың», «Арман ПВ» баспаларының  және шетелдік  Түркия, Иран, Қытай, Өзбекстан әдеби агенттерінің, кітап саудасымен айналысатын ұйымдарының баспагерлері  қатысты.

Аталған іс-шара аясында Р.Д. Ардаканидің «Фараби – ислам философиясының негізін салушы», М. Әбиевтің, А. Майкөзованың «Қазақстан арманы», А.П. Мамрайымовтың «Ұлы жібек жолы» кітаптарының, Г.В. Канның «Қазақстан тарихы» оқулығының, ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институтының, Гёте институтының, ҚР БжҒМ Ғылыми кітапханасы басылымдарының тұсауы кесіледі. Сонымен қатар Мұхтар Шаханов, Роллан Сейсенбаев,  Смағұл Елубай, Жарас Сәрсек, Сұлтан Қалиұлы және т.б  белгілі қаламгерлердің жеке кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Кітап жәрмеңкесі (2)Ашық аспан астында ел ардақтысы Олжас Сүлейменов оқырман қауыммен кездесіп,  «Сөз коды» кітабының тұсаукерсерін атап өтсе, ақын Мұхтар Шаханов елдегі кітап мәдениеті жайлы сөз қозғап, тіл, ұлттық құндылықтардың барлығы рухани қазынамыз кітапта екендігін айтып, ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді.

Осы күні университетіміз үшін ең маңызды тағы бір ерекше шара – «Қазақ университеті» баспасының www.magkaznu.com сайтының таныстырылымы өтті. Болашақта оқытушы, ғалымдарымызға зор мүмкіндіктің туындағанын байқаймыз. Осы сайт арқылы әлемнің кез-келен еліндегі ЖОО-лармен он-лайн байланысқа түсіп, бірлесіп ғылыми жұмыстар жазуға, пікір алмасуға  болады.  Баспадан шыққан әрбір оқулық туралы мәліметтерді бірден алып отырады.

Сонымен қатар «Казконтент» әдеби порталының, 2014 жылдың қарашасында Алматыда өтетін «Open Central Asia Book Forum & Literature Festival» халықаралық әдеби фестивалінің тұсаукесері ерекше аталып өтті.

«Рухани құндылықты сақтаудағы және ұлттың интеллектуалды әлеуетін арттырудағы кітаптың рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және номанициялар бойынша ҚР кітап ісінің дамуына қосқан үлесі үшін медальдар, жетекші баспаларға гран-при және дипломдар табысталды.  ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы «Үздік баспа – 2013» рейтингінде аталымы жағынан көп кітап шығарған «Қазақ  университеті» баспасына 1-орын, ал жүлделі 2-орын «Алматыкітап», «Атамұра», сондай-ақ 3-орын «Мектеп»  баспаларына берілді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған оқытушы-профессор құрамының арасында екі ай бойы өткен «Үздік оқу басылымы» атты байқаудың қорытындысы да шығарылып, жүлдегерлер «Үздік оқу-әдістемелік құралы»,  «Үздік монография»,  «Үздік есептер жинағы»,  «Үздік оқу құралы», «Сатылымдар көшбасшысы» аталымдары бойынша марапатталды. Сонымен қатар «Жауқазын»  студенттер байқауының жеңімпаздары да анықталды. Бас жүлдені  филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің студенті Н. Тұрғанбек иеленіп,  «Атамұра» корпорациясының арнайы сыйлығын жеңіп алды. Жүлделі 1-орынды Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология және әлем тілдері факультетінің студенті Қ. Жұбаева иеленсе, 2-орынды  филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің студенттері Б. Тұрсынбек М. Қайыртайұлы, 3-орынды Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті Ұ. Шәукенова және Гуманитарлық Заң Университетінің студенті А. Булатова  иеленді.

Тағы бір ерекше марапаттау «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында 2013-2014 оқу жылында өткізілген оқырмандар конференцияларын ұйымдастыруға белсене қатысып, студенттердің кітап оқу дағдысы мен мәдениетін арттыруға үлкен үлес қосқан тұлғалар «Үздік оқырман» ретінде танылды.

Жалпы аталған «AlmatyBookExpo»  халықаралық көрме-жәрмеңкесі аясында өткен іс-шаралар ҚазҰУ-дың кемел келешегіне жасалған игілікті істер деп білеміз.

Әйгерім ӘЛІМЖАНОВА,

баспасөз және электронды БАҚ

кафедрасы меңгерушісінің орынбасары

Суреттерді түсірген Досжан Балабекұлы

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field