Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Қос бірдей мереке…

Шарипа Нуржанова Мамыр 28, 2014 0
Қос бірдей мереке…

Мамырдың 27-жұлдызында  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоратының 15-ші қабатындағы үлкен акт залда «Егемен Қазақстан» газетінің 95 жылдығымен,  ҚазҰУ-ң 80 жылдығына орай  «Егемен Қазақстан ел газеті» атты  мерекелік салтанатты кеш өтті.  Аталмыш шарада ҚазҰУ  ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов газеттің кешегісі мен бүгінін сарапқа салатын жүйелі сөз айтты. Жиында сондай-ақ кештің өтуіне ұйтқы болған «Егемен Қазақстан»  газетінің президенті Сауытбек Абдрахманов сөз алып,  «Егемен Қазақстан ел газеті» тақырыбында әңгіме өрбітіп, қара шаңырақтың 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.  бір ғасырға таяу  үздіксіз шығып келе жатқан бұл басылымның ғұмыры мәңгілік деуге толық негіз бар.

Сондай-ақ, жиын барысында С. Абдрахманов өзінің ҚазҰУ-ң журфагінен түлеп ұшқандығын мақтан ететінін және осы мамандықты таңдаған болашақ жас журналистердің дұрыс таңдау жасағанын, ойдағыдай игеріп шықса, өзге мамандық иелері амандаса алмайтын талай адамдармен емін-еркін сөйлесудің орайлы сәті түсіп отырғанын да тілге тиек етті.

Алдағы уақытта, «Егемен Қазақстан» газетінде жастарға арналған «Жұлдыздар жарығы» атты жаңа айдар қосылатынын  дара талантты даралап,  халыққа танытатын мүмкіндік беретінің айтып көпшілікті құлағдар етті. Сонымен қатар, «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы, ҚазҰУ-ң шекпенінен шыққан Қорғанбек Амалбек тұспа-тұс келіп отырған қос мерекемен құттықтап, сүйікті білім ордасына деген кіршіксіз таза махаббатын, жан сезімін,  тебіренісін мына өлең жолдарымен білдірді.

Өмірдей тәлімімен Өмірбектің,

Темірдей тәртібімен Темірбектің.

Жағылған шырағындай көкейінде,

Отыңды әлі күнге сөндірмекпін.

Сан ақын жүрегінде ҚазҰУ дастан,

Сенбеймін қаларыңа жазылмастан.

Білімнің жағалауы бас ордасы,

Елдікке ең зор үлес өзің қосқан.

Және былтыр ғана  «Егемен Қазақстан» газетінде басылған «Қызыл сызық» атты жинағын журналистика факультетінің деканы Өмірхан Әбдиманұлына табыс етті.

Кеш соңында С. Абдрахманов ректордың арнайы алтын медалімен марапатталды. Қос мереке орай журналистика факультетінің түлегі Амангелді Сейітхан да қарап қалмай, өз арнауын орындады. Ән айтылды. Күй шырқалды. Алдағы уақытта мерекелік кеш өз жалғасын табатын болады.

                                                                                            Жұлдыз Әбіл

                                                Журналистика факультетінің 2-курс студенті

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field