Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Қасиетті қарашаңырақтың мерейтойына арналған шығармашылық байқау

Шарипа Нуржанова Мамыр 20, 2014 1

Қасиетті қарашаңырақ ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай журналистика факультеті, баспа ісі және дизайн кафедрасының ұстаздары мен  студенттік оқу-тәжірибелік «Шуақ» жастар журналы университеттік шығармашылық байқауының қорытындысын жариялады.

Шыгармашылык байкау (1)Байқау университет көлемінде жүргізіліп, студенттер 8 тақырыптың біреуіне шығарма жазып, байқау ұйымдастырушыларына жолдаған болатын. Жастар байқаумен баспа ісі және дизайн кафедрасының әлеуметтік желілері арқылы танысып, белсене атсалысты. 20-ға  жуық үздік шығарма сараланып, 3 жеңімпаздың шығармашылық еңбегі ерекше аталды. Тыңнан түрен шыққан студенттердің тырнақалды туындыларынан айтар ой мен жеткізер пікірдің молдығын аңғаруға болады. Мамандығы мен факультеті басқа болса да, шығармашылық қабілеттері ұшқыр жастар баспа ісі және дизайн кафедрасының жалпы әдістемелік жиналысында марапатталды. Оларды баспа ісі және дизайн кафедрасының меңгерушісі Сағатбек Медеубекұлы шын жүректен құттықтап, ақ тілегін білдірді. Ал, байқауды ұйымдастыруға белсене қатысқан кафедра ұстаздары Б.Әсембаева, Р.Әбдиева, Б.Омарова, М.Майлықұтова және «Шуақ» студенттік оқу-тәжірибелік жастар журналынының бас редакторы Д. Балабекұлы  жұмыстардың ерекшеліктерін атап өтіп, салтанатты түрде марапаттау рәсімін бастады.

80 жылдық мерейтойға арнайы ұйымдастырылған байқауда 3 орынға баспа ісі және дизайн кафедрасының 1 курс студенті Сейдраманова Дана, 2 орынға биофизика және биомедицина кафедрасының 4 курс студенті Артыққызы Талшын, ал 1 орынға экономика және бизнес жоғары мектебінің 1 курс студенті Талап Сымбат ие болды. Жеңімпаздарға ұстаздар тарапынан ақшалай сыйлықтар мен арнаулы сертифкаттар табысталды. Байқау жеңімпаздарының үздік шығармалары ҚазҰУ-дың студенттік «Шуақ» оқу-тәжірибелік жастар журналының 80 жылдық мерейтойға арнаған арнаулы шығарылымында жарияланады.

 

Ақмөлдір ТІЛЕПБЕРГЕН,

баспа ісі және дизайн кафедрасы меңгерушісінің ғылым, инновация және халықаралық қатынастар жұмысы жөніндегі орынбасары

Бір пікір »

  1. Акбаян Сагынгалиева Мамыр 22, 2014 at 4:49 тк - Жауап

    Алдымен мерей тойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Қашанда үлгілі,тәрбиелі, болашағынан үміт күтірер студенттерден арылмаңыздар дегім келет. Өз шығармашылығымен бөлісіп байқауға қатысып жүлде алып жатқан замандастарыма айтарым : Ұштала түскен сайын Қара Қарындаш айналасына ашық ажармен көрінет, олай болса сіздерде болашақта елінің мұңын мұңдап, зарын жоқтайтын азамат болуларыңызға тілектеспін. Қашанда ойға ой салардай тақырыптарларыңыз көп болғай.
    ҚМУ ГӘФ 2 курс журналистика мамандығының студентті Ақбаян Сағынғалиқызы.

Пікір жазу »

Жауп болдырмау үшін мынаны нұқыңыз.


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field