Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Заң алдында бәріміз жауаптымыз

Шарипа Нуржанова Сәуір 21, 2014 0

Серик« Шындық іздеп шарқ ұрдық» деп редакцияға арыз жазғандардың сөздерінде күдік пен сенім қатар жатқандай.

    «Әділдік деген жоқ. Шындық іздеп шарқ иұрма. Бәрін сатып алуға болады!».

Редакцияға келіп түскен осындай арыз-шағым иелері бұл пікірлерді нақты құжаттар арқылы дәлелдеп алдыңа тастағанда не деріңді білмейтін кездер де болады екен.

Мұндайда мәселенің мәнісін түбегейлі зерттеп барып сын мақала жазасың. Кейде сол шағымданушының жазғандарын өз атынан жариялауға тура келеді. Оның нәтижесі кейде оңынан туып жатады. Ке»де керісінше, кейбір судьялар газет бетінде аты-жөндері жағымсыз жағынан аталғанға кәдімгідей ренжіп, ер-тоқымы бауырына түскен аттай тулайтындарын қайтесің.  Сонда әркімнің шындық,  әділдік туралы түсінігі әр түрлі болғаны ма?  Заң алдында бәріміз жауапты емеспіз бе?

Судья – сол әділ заңның білгірі, әрі  оны бұрмаламай жүзеге асырушы адам. Ендеше неге бір-біріне ұқсас оқиғаларға әр түрлі үкімдер мен шешімдер шығарылады. Сөзіміз жалаң болмас үшін осы жағдайларды  енді нақты деректер арқылы дәлелдеп көрелік.

 2000 теңге = 3+1 жыл

       Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық соты (судья – Томпақовап Н.) биылғы жылдың 23 қаңтары күні Нұралинов  Айдын мен Садықов Төлеубек деген жігіттерге тонаушылық әрекеттері үшін алғашқысына  – 3 жыл (қатаң режимде), екіншісіне – 1 жыл (жалпы режимде) бас бостандығынан айыру жазасын тағайындапты.

А. Нұралинов мұның алдында ұрлық жасап 1 жылға сотталған.  Бірақ рақымшылық заңына жатқызылып, жазаны өтеуден босатылған. Арада 1 жыл өтпей жатып жаңа қылмысқа ұрынып отыр. Оқиға былай болған.

Ол өткен жылдың 20 қыркүйек  күні біраз арақ ішіп алған соң Аягөз қаласындағы бір мөлтек ауданда Қасымжанов Асқар деген досын кездестіреді. Кешкі сағғт 8 шамасында Садықов Төлеубек,  Тоқтағоржин Төрегелді деген жігіттерге ұшырасады. Олар да «қызулау».  Тағы да арақ ішкілері келеді. Ақша жоқ.  Бұлардың көзі Қасымжанов Асқардың үстіндегі үстіндегі жаңа курткаға түседі. «Куртканы дүкенге кепілдікке өткізіп, арақ алып ішейік» дейді. Ол көнбейді. Біреуі оны шапалақпен тартып жібереді. Онсыз да әлжуаздау Асқар құлайды. Осы кезде олар куртканы шешіп алып кете бергенде полиция келіп қалып, Нұралинов Айдын мен жәбірленуші Асқар Қасымжановты бөлімшеге апарады. Әдеттегідей тергеу жүреді. Іс сотқа өтеді. Соттың шығаратын үкімі жоғарыдағыдай.

Осы іс жөнінде редакцияға арыз жазған А. Нұралиновтың қорғаушысы Н.Нұралиновтың пікіріне құлақ түрсек, тергеу де, сот талқылауында да көп заң бұзушылық болған тәрізді.

Солардың ең негізгісі – жәбірленуші, бүгінде марқұм болған Қасымжанов Асқар (кейін ол ауырып дүниеден қайтқан) өлер алдында «Нұралинов Айдын менің жан досым. Ол маған қол көтермек түгіл мен үшін огтқа түсуге дайын адам. Мені ұрып, курткамды тартып алған ол емес, осыны заңт орындарына жеткізіңдер» деп ата-анасына аманат етіп айтып кетіпті. Ата-анасы, әпкесі оның бұл аманатын орындап, 2002 жылдың 10 қарашасында жазбаша түрде Аягөз аудандық сотына, прокуратурасына қарсы арыз түсіреді. Нуралиновқа кінә тақпауларын өтінеді. Екінші дәлел – А.Нұралиновтың ауру адам екендігіне байланысты. Дәлірек айтқанда ол 1997, 2000, 2001 жылдары әр түрлі жағдайларға байланысты басынан жарақаттанып, миы шайқалған. Алғаш рет жарақаттанғанда ғана толық емделген, қалған жарақаттарын емдетпеген. Соның салдарынан кейде есте сақтау қабілетінен айырылып қалады.

«Осы екі мәселеге байланысты құжаттар сотқа өткізілгенімен, ол ескерілмеді» дейді А. Нұралиновтың қорғаушысы. Қорғаушы бұдан басқа да қарсы дәлелдер келтіріп, қылмысқа нақты қатысы бар жігіттердің аты-жөндерін атайды. Біз бұл жерде олар туралы пікірімізді ірке тұрамыз. Себебі, соңғы сөзді сот айтуға тиіс. ­Өйткені іс қайта қаралғалы жатыр. Ал біздің айтпағымыз – бірге арақ ішіп отырып, бірін-бірі шапалақпен тартып қалғаны үшін екі адамның топтасқан тонаушылар ретінде оп-оңай сотталуы. Сонда олар 2000 теңгелік куртканы жанында тұрған адамнан алу үшін алдын-ала келісіп, арнайы топ құрған боп шығады. Бір байқағанымыз, тергеуде де, сотта да Асқардың курткасын заттай айғақ ретінде ешкім іске тіркемеген, сараптаудан өткізбеген.

Әкесінің айтуына қарағанда, Асқар сол күні кешкісін куртканы өзі киіп үйге келген. Бұл жерде әлі де анықтауды қажет ететін деректерді тізбектей беруді жөн көрмедік. Мақсатымыз –  әділ сотқа деген сенімдерін жоғалтқан адамдардың арыз- шағымдарын мысалға келтіре отырып, сот үкімдерін бір-бірімен салыстыру, сөйтіп, бүгінгі сот жүйесіндегі қарама-қайшылықты көпшілік назарына ұсыну ғана. Сондықтан осыған кереғар екінші үкімге назар салыңыздар.

 Алты адамның өліміне кінәлі

        Осынау қайғылы оқиғаға оралғым жоқ еді. Бұл жөнінде былтырғы жылдың 8 қаңтарында «Бес оқушы өртеніп кетті» деген тақырыпта мақала жазғанбыз. Алматы облысы Ұйғыр ауданының орталығы Шонжыда өткен қысқы олимпиадаға барып, білім жарысына түскен 11 класс оқушылары – Гүлзира, Гауһар, Альбина, Кербез, Ардақ атты қыздар кешкісін ауылға қайтар көлік болмаған соң бір «Москвичті» жалдап мініп келе жатқанда қарсыдағы «Бензовозға» соқытығысады. Нәтижесінде жүргізуші М. Амановпен бірге бәрі өртеніп кетеді. Ал «Бенззовоздың» жүргізушісі Оразбеков Аманбай мас екен. Сондай-ақ ол бензин құйылғани цистернаның қақпағын да жаппаған. Соның салдарынан соқтығыс кезінде лықсыған бензин «Москвичтің» үстіне құйылады. Өрт шығады. Мас жүргізуші оқиға болған жерді тастай қашады. Шырылдап жанып жатқан алты адамға пысқырып та қарамайды.

Бұл айтып отырғанымыздың бәрі тергеуде де, сотта да толық дәлелденген. Сөйтіп, 2002 жылдың 19 сәуір күні Алматы облысы, Ұйғыр ауданының соты Оразбеков Аманбайды 15 жылға соттаған болатын.  Бірақ Алматы облыстық сотының төралқасы бұл істі аппеляциялық жолмен қайта қарап, А.Оразбековтың бас шарасын өзгерткен, оны дереу қамаудан босатқан. Себебі ол Қазақстан Республикасының 10 жылдығына байланысты рақымшылдық заңына жатқызылған. Сонымен алты адамның өліміне себепкер болған жүргізуші 15 жылға сотталғанымен қазір бостандықта.

Қызды кім зорлады?

         2001 жылдың 11 ақпан, яғни жексенбі күні кешкі сағат 11 шамасында Алматыдағы қазақ аграрлық университетінің бір аудиториясында А. есімді (толық аты-жөнін әдейі атамай отырмыз- С.Ж) бір қызды үш жігіт зорлап кетеді. Олардың біреуі – осы оқу орнының күзетшісі – Рахымжанов С.М. деген жігіт күдікті ретінде қамауға алынады. Ал қалған екі жігіт күні бүгінге дейін белгісіз күйінде қалып отыр. Оларды Рахымжанов танымайды екен. Бірақ тергеу орындары да, сот та оларды іздемейді. Куәлар, заттай айғақтар жоқ екендігіне қарамастан, Рахымжанов сотталып кете барған. Сот дәрігерлік сарабының қорытындысы да солқылықтау.

Тергеу жүріп жатқанда зорланды деген қыз өзі екі күннен кейін Бостандық аудындық ішкі істер басқармасына мынадай өтініш жазыпты: «По поводу ранее написанного заявления хочу пояснить, что в настоящее время никаких претензии ки Рахымжанову не имею, прошу его освободить». Осыған қарамастан, тергеуші істі сотқа өткізген. Бостандық аудандық соты 2001 жылдың 29 мамырында С.Рахымжановты 5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Қазір ол жазасын өтеп жатыр. Жазықсызбын деп редакцияға ашына хат жазыпты.

 Көкнәр еккен құтылды

        Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Шарапхана елді мекені, Махамбет аулының тұрғыны Спарбеков Абдрахман редакцияға былай деп хат жазады:

«12.06.02 жылы аудандық прокуратура мен аудандық полиция қызметкерлері бірігіп өткізген тексеру кезінде біздің ауылдағы Каюпов И. деген адам қолға түсті. Ол өз үйінің ауласындағы 29 м.кв. жерді бетон дуалмен қоршап, ішіне апиынды көкнәр өсімдігін еккен. Өсіп тұрған есірткіні құқық қорғаушылар жұлып алып, біртіндеп санағанда 1379 дана болған. Олардың әрқайсысынан ең аз дегенде 1 грамнан апиын алынғанда 1379 грамм апиын шығады. Сабағымен қоса қаптағанда 5 қап (20 кг.) апиын болар еді. Бірақ осы адамды соттамағандарына қайран қаламыз…»

А.Сапарбековтың жазғанының бәрі шындық екені тергеушінің айыптау қорытындысында да, Қазығұрт аудандық сотының үкімінде де көрініп тұр. Тек сәл ғана шындыққа жанаспайтын бір жері бар. Ол – И.Каюповтың ҚР ҚК-ның 262-бабы 2-бөлімі «в» тармақаұшасы бойынша сотталғандығы. Бұл бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Соған сәйкес Каюпов 3 жылға кесілген. Бірақ белгіленген жаза бойынша Каюповқа ҚР ҚК-ның 63-бабы қолданылып, жаза шарты деп саналған. Сөйтіп ол 2 жылға сынақ мерзіміне шыққан. Сот залында оның бас шарасын өзгертіп, қамаудан босатқан.

Енді редакцияға хат жазған А. Сапарбековтің  пікіріне тағы назар салайық. «Егемен Қазақстан» газетінде Қызылордпа облысының прокуроры Төлегеновтің «Қазаннан қақпа кетсе…» атты мақаласы жарияланған. Онда Мадлер деген азамат 8877 грамм марихуанамен ұсталып, 7 жылға сотталғандығы жазылған. Ал «Түйе торға түсті» деген осы газеттегі тағы бір мақалада В.Хегай деген азамат 1417 грамм марихуанамен ұсталып, 9 жылға сотталғаны туралы жазылған.

Ал И. Каюпов 5 қап (20 кг) апиынды көкнәрмен ұсталып отыр. Сонда қалай болғаны?

Шындық шыңырау түбінде ме?

         Өткен жылы осы газетте «Жазықсыз жанды түрмеге жабу…» деп аталатын мақала жрарияланған болатын. Онда жездесі мен балдызы арасында, яғни Кенжеғали мен Еркіннің арнасында жанжал шығып, біріншісі екіншісіне қорғаныс мақсатында балта сілтегендігі, нәтижесінде Еркін басынан жеңіл жарақат алғандығы жөнінде жазылған.

Дәрігерлік сот сараптамасы оның бас сүйегі шытынағандығы, миы шайқалғандығы жөнінде анықтама берген. Сөйтіп,  Кежеғали кісі өлтіруге оқталды деген айыппен 8 жылға сотталып кете барған. Бірақ Еркіннің бас сүйегі дәл сол жанжал кезінде емес, бұдан бірнеше жыл бұрын жол апаты салдарынан шытынағандығы, миы шайқалғандығы жөнінде деректер Алматы қаласы Әуезов аудандық сотына тапсырылғанымен, ол назарға алынбаған.

Қарсы жақ осы іс бойынша әділдік іздеп шарқ ұрып жүргенін білеміз. Әзірге нәтижесі белгісіз.

 Қытай азаматтығын қайта алмақшы

          Таяуда « Егемен Қазақстанда» «Әділдік үшін арпалыс» деген мақаламыз жарық көрді. Оның кейіпкері Орзанбай Жұмабекұлы. Екі күннен кейін Алматы облысы, Іле аудандық сотының шешемі мен облыстық соттың оның бекіткен қаулысын қуаттаған Жоғарғы соттың ұйғарымын алып келіп алдымызға тастады. Апелляцияалық мақсатта жазылған біздің мақаламыздың жәбірленушіге көмегі тимегенін түсіндік.

О.Жұмабекұлы Мәсімовтің алаяқтығын дәлелдей алмайтындығына көзі жеткен соң қалай да 200 мың долларын қайтарып алу үшін Медеу аудандық сотына жеке талап-арыз түсіріпті. Обалы не керек, Медеу аудандық сотының судьясы нотариуспен куәландырылған қолхаттың негізінде Мәсімовтың Алматыдағы пәтерінің Оразанбайға алып беру жөнінде шешім шығарыпты.

Бұл жөнінде ҚР Бас прокуратурасы былай деп хабарлайды: «2002 жылы тамыздың  28-і күні  Алматы қаласының Медеу аудандық соты Мәсімовтен Оразанбай Жұмабекұлының пайдасына 3 миллион 850 мың теңге өндіру туралы сот бұйрығын шығарып, ол қазіргі кезде орындалуда».

Бірақ Мәсімов бұл шешімді күшіне кіргенге дейін, он күн ішінде сотқа қарсы арыз түсіреді. Онда ол қолхатты Оразанбайдан қорыққанынан жазғанын баяндайды. Соған байланысты Медеу аудандық соты өз бұйрығын кері қайтарып алады. Енді бұл іс қашан шешілері әлі белгісіз.

Оразанбай бұл жолы бізге өзімен бірге куәгерін де қоса еріте келіпті. Ол кісі Мәсімов деген адам Оразанбайға қолхатты өз еркімен қашан, қалай жазып бергенін және Оразанбайдың қолын сыртынан қойып, өзін алдап әр түрлі қағаздарға бұған да куәгер ретінде қол қойғызғанын жан-жақты әңгімелеп берді. Біз оның сөздерінің бәрін диктофонға жазып алдық.

Енді Оразанбай Жұмабекұлы бұл жөнінде халықаралық сотқа жүгінбекші. Бірақ Қазақстан халықаралық мүше емес. Сондықтан елім деп еңіреп келген Оразанбай қайтадан Қытай мемлекетінің азаматтығын қабылдауға мәжбүр. Сөйтіп, ендігі жерде Оразанбайдың Қазақстанда тапталған құқығын Қытай мемлекеті халықаралық сотта қорғауға келісіпті. Міне, біздегі әділ соттардың елге әперген абыройы осы.

 Сөз соңы

4 сәуір күнгі халыққа жолдауында Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Алқабилер институтын кезең-кезеңмен енгізу жайын да ойластыру қажет» деп тегіннен-тегін айтпаған сияқты. Жоғарыда келтірілген мысалдарды осы тұрғыда оқырманға ой тастау үшін жазып отырмыз. Оларды бір-бірімен салыстырып байқарсыздар. Шын мәнінде бізде өзі әділ  сот деген бар болса, олар қандай болуы керек? Шындықтың түбіне жету біздің қоғамда шынымен-ақ қиындап кеткені ме? Бұл сауалдарға бірден жауап беру оңай емес, әрине. Дегенмен, салымыз суға кетіп, әректсіз отырмауымыз керек. Шамамыз келгенше шындықты айтуға тырысайық. Уақыт өтеді, өмір өзгереді. Сондықтан бір әділдіктің бар екеніне сенейік, ағайын!

Серік Жұмабекұлы,
«Егемен Қазақстан»,
13 мамыр 2003 жыл

 

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field