Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Әкем жайлы өлең

Шарипа Нуржанова Сәуір 16, 2014 0

Ақерке Нұрбекова 

 

 

 

 

 

Ақерке Нұрбекова

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және
қоғаммен байланыс кафедрасының 1 курс студенті

 

Дүйсенбі…
Сабақ бітті.
Шаршап келіп, есікке салдым кілтті.
Ұйқым келіп, көңіл- күйім болмағанда,
Кім қоңырау шалып тұр, ғажап тіпті?

Қатарынан 15 рет соғыпты ғой,
Қоңырауды әкешім жалықпастан.
Телефонды көтермей- ақ, өшіретін
Менде дағы жаман әдет қалыптасқан.

Ақыры алып телефонды жауап бердім,
Ай, әкешім, сен неткен ғажап едің?
Сенің қоғыр даусыңды ести сала,
Ең бақытты болуға аз- ақ келдім.

Бар болғанығ қандай жақсы, әкетайым,
Бағаламай барамыз өскен сайын,
Қанша рет жүрегіңе ауыр тиіп,

Байқамастан ренжітті ғой еркетайың
Білесіз бе, әкетай, қиын маған.
Шыдамым таусылуға аз- ақ қалды.
Кең қалада жүрсем де асыр салып,
Тынысым қайта- қайта тарылады.

«Қалым жақсы» болса да менің күнде,
Қиын әке, рас айтам, сенесіз бе?!
Мен үшін ұзақ сапар тағы жасап,
Осы аптада тағы да келесіз бе?!

Құлазыса көңіл- күйім жұртқа ренжіп,
Ауыр сөз айтып қалам кейбір кезде;
Қуанғанда жүрегім жырға толып,
Қуантуға ұмытам сені мүлде.

Ренжіме әке, қызыңа еркелеген
Сен емес пе оу баста еркелеткен
Анашым екеуіңе қамқор болып,
Ақ батаңды ақтағанша кетпе менен.

 

Қуыршақ жайлы

Бұл бір қызық болды.
Таң сәріден қарапайым күн еді…
Бәрін бір секундта өзгерте сап,
Қуыршақ бір жігітті көргенім- ақ сол еді.
Қуыршақтай сәнденіпті , сымбатты да, көркем тым.
Қуыршақтай достары да мінсіз болып өткен-тін.
Қуыршақтай құрбыларын құшқан күйі
Тәкәппар боп, маңғазданып кеткен- тін.
«Қой, қалқам, қуыршақтар жүрмейді ғой.
Тірі жан боп, біздей өмір сүрмейді ғой,
Тәкәппар боп, маңғазданған былай тұрсын,
Жақ ашып, сөйлеп олар, күлмейді ғой»
Деп маған, естігенде, ешқайсысы сене алмады.
Түсіне алмай сөз мәнін, байыбына ене алмады.
«Қуыршақты тірі деген сен де қызық!»
Дей келе маған біраз күліп те алды.
Бірақ рас, қуыршақ ол- көзім жетті.
Соны ойлап ертелі- кеш мазам кетті.
Қалай ғана тірі ойыншық бола қалды,
Адам бола берсе оның несі кетті?!
Әлде батыс, әлде Қытай ойлап тапқан
Барби, Кен дейтін әсем қуыршақтар,
Өмірде арамызда кездессе егер
Бір- бірін қатты іздеп жылы тартар.
Көп қой қазір қуыршақ қыздарымыз,
Тым әдемі, мінезі де сындарлы қыз.
Әй, бірақ, жасандылық білінеді,
Әр қадам, басқан ісін байқаңыз сіз.
Көп қой қазір қуыршақ жігіттер де
Сондай сері, келбетті боп көрінсе де,
Пластмассадан жасалғанын білдіреді,
Ой- өрісі кең емес, қуыс неге?
Қуыршақтай жасанып ап жүреді екен,
Көрген адам ғашықтықтан күйеді екен.
Кен жігіт өзі пластик болған соң ба,
Тек қана Барбилерді сүйеді екен.
Қуыршақтар көп қой тым мына өмірде,
Әр қала, әр ауыл, әр өңірде,
Әдемі ойыншыққа қызығып ап,
Бір күні қалады елдің көңілі де.
Қуыршақтар дәурені мәңгі емес,
Барби мен Кен уақыты өтеді тез.
Ғашық болма, аңғал жандар, қуыршаққа
Қуыршақтар адамға лайық емес.

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field