Журналистика құқықтану және медицина сияқты өзге мамандықтармен бөлісері аз болса да, жеке кәсіби мамандықтардың бірі болып саналады. Бүгіндері радио және тележурналистикаға жұмыс істеуге келіп жатқан көптеген жас мамандар, журналистиканы университет деңгейінде ғана оқығандар. Сондықтан болар соңғы кездері журналистика факультетінің студенттері мен түлектері арасында «біз білім шаһарының қабырғасында ештеңеге үйренген жоқпыз» деп ойланбай айтып қалатындар кездеседі. Алайда, еңбек жолы басталған сәттен бастап, олар өздері талпынбаса, іс жүзінде журналистика кәсібі бойынша ешқандай білім алмайды. Университет қабырғасында студент ториялық білім алады (лектор бағыт-бағдар береді), ал оны тәлімгер өндірістік практикада тәжірибемен ұштастыруы қажет. Бұл айдан анық болса керек?!
Жұмыс істеп жүрген журналист-студенттердің көбі академиялық саясатты дұрыс түсініп 4 жыл бойы өндірістік практикадан уақытында өтіп, сол өзі таңдаған БАҚ редакциясында қаламы ұшталып, кәсіби маман ретінде танылғандар. Алайда, радио және телехабарларын тарату саласында бәсекелестік жанып тұр, сондықтан диплом, ең болмаса алғашқы жұмысқа орналасуына қамтамасыз етеді. Радио және теледидардың жаңалықтар бағдарламасына алғаш рет жұмысқа орналасқан түлектерінің 90% журналистика факультетінен білім алғандар. Жұмыс берушілер, теле және радиохабарларын тарататын компаниялардың жаңалықтар бөліміндегі қызметкерлердің ұдайы жетіспеу жағдайында «жаңа келгендер» бірден жұмысқа кірісуін талап етеді, ал менеджерлер журналист дипломымен келген студенттер, тек өз мамандығының негізімен, яғни: қалай түсіру, аудио- және бейнежазбаларды қалай түзету, радио- және телехабарларын тарату бағытында қалай жазу керек екенімен ғана таныс екенін біледі.
Факультеттің теле-радиостудиясында студенттер күнделікті телехабарларға репортаж әзірлеу тәжірибесінен дәріс алады. Радио және тележурналистерді даярлайтын көптеген бағдарламалар радио және телехабарларын тарату редакциясында кем дегенде бір реттік тәжірибелік сынақтан өтеді, оның оларға өз саласында байланыс орнатуға, сондай-ақ, кәсіби түрде түйіндеме жазуға көмегі бар. Колумбия университетінің журналистика аспирантурасының студенттері 10 айлық тәжірибелік бағдарлама үшін 30 мың доллардан аса қаржы төлейді және олардың басым көпшілігі ол мұндай бағаға тұрады деп сенеді. Соңғы жүргізілген сауалнамада бір студент: «Мен Колумбия университетіне мамандығымның қыр-сырын зерттеуге және журналистикада жоғары табыстарға қол жеткізуге қажетті байланыстар орнату үшін түстім. Меніңше, бұл мектеп маған қажет нәрсенің бәрін бере алады» дейді.
Болашақ радио- және тележурналисттер, өз мамандығының негіздерін ғана игеріп қоймай, жұмыста бетпе-бет келуге тура келетін, қауырт жағдайда (көбінесе, уақыт жетпеу жағдайы) жұмыс істеуге даярлануы қажет. Соңғы он жылда АҚШ жергілікті телестансалар күнделікті жаңалықтар көлемін арттырған, бірақ олардың көбінде штат саны ұлғайтылмаған. Ал журналисттерден мұндайда «тәуекел», яғни күніне бір репортаждан артық талап етіледі. Бұл қалай жылдам және тиімді жұмыс істеуге үйретуді қажет етеді.
Жас журналистерді жылдамдыққа үйрету, жұмыстың сапасынан гөрі санын жақсартуға ғана әсер етеді. Сонымен бірге, оларға журналист этикасы және құқы саласында даярлану талабы қойылады. Олар жаңалықтарды дұрыс бағалай білу және қиын шешімдерді мерзімінде қабылдау бойынша тәжірибеден өтулері керек. Толқынға қылмыс орнынан түсірілген айуандық сахнасын жіберуге бола ма? Жаңалықтардың маңызы аз, тіптен маңызы жоқ көрнекті бейнеқатарлардан тұратын, әлі суый қоймаған жаңалықтармен ашу қажет пе? Олар, хабарламадағы «тесіктерді» тауып, оларды толтыру үшін қайдан, қалай сұрақ қоюды білу керек. Олар қоғаммен байланысты, тарихты оқулары керек. Өйткені, жаңалықтар бағдарламасының директорлары түйме баса алатын адамдар емес, зерделі журналист болуы керек.
Болашақ радио және тележурналистер бұлардың бәрін университет қабырғасында жүргенде оқулары керек, өйткені, бұл олардың іс жүзінде алатын жалғыз білім ортасы. Америка журналистері кәсіби қызметін жалғастыру үшін біліктілігін көтеру курсына қатысуға міндетті емес,
АҚШ-ндағы жаңалықтар қызметінің кейбірі ғана өз қызметкерлеріне біліктілігін көтеруге мүмкіндік береді. Ұлттық журналистер ұйымы төрағаларының кеңесі өткізген сауалнамаға қатысқан журналистердің тең жартысы өздерінің ешқандай даярлықтың өтпегенін хабарлаған.
Қосымша даярлықтарының жоқтығы, жергілікті телестансалардың журналистерінен байқалады. Сауалнама барысында журналистердің 81% журналистика этикасы мен құндылықтар саласында даярлық қажет деп санаған, ал 33% оны алып отырмыз деп жауап берген. Тележурналистердің жартысынан астамы (51%) тақырыптық репортаж бағытында даярлықты қажет деп жауап берсе, тек 13% осындай даярлық алып отырғанын атап өткен(2).
Сол сауалнаманың аясында сұралған жаңалықтар қызметінің басшылары, өз қызметкерлерін оқыту үшін мүмкіндіктер беруге болар еді, алайда оларда уақыттың немесе ақшаның жоқтығын мойындаған. «Жаңалықтар қызметі «білім бизнесімен» шұғылдануына қарамастан, кәсіби оқыту арқылы өз қызметкерлеріне жаңа білімдер мен тәсілдерді ұсыну жоспарында өзгелерден кеш қалып отыр» – дейді сауалнама директоры Беверли Кис(3).
Оқытуды өз компаниясы қызметінің басым бағыты ретінде бағалайтын «Кей-Эн-Эс-Дабю» телекомпаниясынан (Вичита, Канзас штаты) Шон Освальд сияқты бас менеджерлер өте аз. Освальд «Вичита бизнес джорналға» берген сұхбатында «Біздің бизнесіміздің көлеңкелі айғағы, ол өз адамдарымызды оқытпайтынымызда, біздің сала оқытпағаны үшін сату жөніндегі көптеген жақсы мамандарын, репортерлерін және суретке түсірушілерін жоғалтып алды» – деген болатын(4). АҚШ-ның журналистерінен бірқатар Европа елдеріндегі кәсіподақ арқылы келісім жасаған тележурналистердің айырмашылығы соңғыларына біліктілігін көтеру үшін, бірнеше жылда бір рет төлемақысы төленетін бос уақыт береді.
Жұмыс берушілер оқыта алмаса да, АҚШ-ның радио және тележурналистері әртүрлі мекемелер мен ұйымдарда өз бетінше оқуға мүмкіндіктері бар. Солай істейде де. Көбінесе олар тәуелсіз ұйымдар немесе мүшелік жарнадан қаржыландырылады. Санкт-Петербургтегі журналистер даярлау мектебі – Пойнтер Институты (Флорида штаты) – радио және тележурналистерге репортаж продюссерлік жұмыс жаңалық қызметіндегі этика және басқару саласында біліктілігін көтеру курсын ұсынады. Жаңалықтар беретін теле және радиобағдарламалары директорларының қауымдастығы, баспасөздегі суретке түсірушілер ұлттық қауымдастығы және «Тергеу репортерлері мен редакторлары» ұйымы сияқты кәсіподақтар, өз мүшелері үшін аймақтық және ұлттық семинарлар өткізеді. Қатысу құны, әдетте қымбат емес, алайда осындай көптеген бағдарламалар мен семинарларға қатысушылар, көбіне өз шығынын өзі көтереді, ал кей кезде бұл іс-шараларды өз демалысы есебінен қатысады.
Телекомпаниялардағы кейбір жаңалықтар бөлімі «өндірістен қол үзбей оқуды» ұсынады, бірақ мұндай жағдайлар өте аз, мұндай оқытулардың көлемі де шектеулі.
Осы мәселені реттеу үшін факультетте түрлі семинар-тренингтер, жазғы мектептер өткізіліп сертификаттар беріледі.
Телестансалардағы кейбір топтар, талапкерлерді әлдеқайда аз тартатын, тікелей толқынға шығаруға байланысы жоқ лауазымдарға қызметкерлер даярлайтын өздерінің жеке бағдарламаларын жасайды. Сюзана Шулер, «Нексстар броудкастинг инкорпорейтед» компаниясының жаңалықтар бөлімінің директоры, өзінің компаниясының стансасында продюсерлік лауазымға кандидаттар тарту үшін «Продюсер мектебін» құрған (5). Бұл стансалар жоғары курс студенттеріне жаңалықтар шығаруды әзірлеу жөнінде төлемақы төленетін тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді. Оған айырбас ретінде студенттер, егер оларға осы компанияның стансаларының бірінен продюсерлік қызмет ұсынылатын болса, екі жылдық келісімге қол қоюға міндеттенеді.
Бізде де осындай жас журналистердің білімін жетілдіру тәжірибелері қолданылу керек.
Сондай-ақ, қосымша және қазіргі уақыттағыдан да көлемді білім алғысы келетін жас журналистердің көп екені даусыз.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, оқыту журналистерге әртүрлі деңгейде, яғни, жұмыс сапасын жақсартудан бастап, аяғы журналистикаға деген қызығушылықтың өзін жаңа бір белеске шығаруға көмектесуі әбден мүмкін. Егер бұл зерттеулер, осы оқытуды БАҚ жұмысының қаржылық есебінен жақсарта отырып, өз тәжірибелік жемісін беретінін дәлелдесе, онда ол журналистер үшін оқыту бағдарламаларын қолдауда зор негіз болмақ.
Сілтемелері:
(1)Бусиктен цитата: http://www.emonline.com/new spro/111802jshoole.html
Жалдау мәселесін зертте: http://www.qrady.uqa.edu/annualsurvereys/PauleyReport01.htm
(2) Жас тілшілерден сұраққа жауап алу: http://www.newslab.orq/tuohey.htm
(3) Кисген цитата: http://www.spj.orq/new.asp?REF=230
Колумбия Университетінің студенттерінен сұрақ-жауап алу:
http://spj.jrn.columbia.edu/2002-11-19surney.pdf
(4) Освальдтан цитата:
http://wichita.bizjourrnanls.com/wichita/stories/2002/10/28/story7.html.pdf
(5)« Дебора Поттер «Ньюс Лаб» тележурналистерге арналған зерттеу және оқыту орталығының директоры.
“Қамшы” сілтейді