Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Қарлыға Темірғали. Алматының көзіндегі қайғысы…

jurfak Ақпан 24, 2013 2
Қарлыға Темірғали. Алматының көзіндегі қайғысы…

Құрметті жырсүйер оқырман, бүгін біз сіздерге жас ақын қыз Қарлыға Темірғалидың жалынды жырларын ұсынбақпыз. Әлеуметтік желілерде біршама жұртқа әйгілі болып үлгерген Қарлығаның өлеңдері елеусіз қалған емес. Алматыға ақын келгенде тыныш жатсын ба бұл қала?.. Ақын шабыттансын дей ме екен, жоқ әлде шамына тигісі келе ме екен, қайдам… Әйтеуір қырдан келген қарындасының көңіліне қаяу орнатып қояды кейде. Жырға толы жүрегі Алматы жайлы бірдеңе деп жатыр. “Жаз” дей ме? Ендеше, қаламыңда қолыңа ал, Қарлыға!

Алматыдағы алғашқы жыр

Уақыт бізді тәуелді қылып қойды анық,

Сағат санаймын түнімен ессіз Ой бағып.

Құрбылар болып біз бүгін Сіз жоқ қалада,

Туған күнімді тойладық.

 

Алматы – қала – күні ыстық, түні жаңбырлы,

Бұл жақта Ұят – етектен төмен, Ар – мұңды.

Сіз жоқта кеше мен қатты сыйлайтын бір Ақын,

Көңілімді қатты қалдырды.

 

Орысша біткен бұл жерде тілдің сүйегі,

Орыс тілінде жетеді сөз де киелі.

Бұл жақта Олар орыс пиғылмен ойланып,

Орыс Сезіммен сүйеді.

 

Бұл жақта небір Данышпандар да бар асыл,

Данышпандығы Ару мен Ардың арасы.

Астана деп ем Рухани, сөйтсем, Алматы –

Алымқорлардың қаласы.

 

Ей, Алматы, келмейді саған жалынғым,

Қондырдым сені босағасына Бағымның.

Бәрін де қойшы, момақан, адал, тұп-тұнық,

Мен Өзіңізді сағындым!

 

Алматыдағы екінші жыр

Алматының көшелері тым суық,

Менің жаным өртке оранып барады.

Мына сұрқай Тіршіліктің қым-қуыт,

Мені уатар қалмағандай амалы.

 

Оңашада өксіп алсын деді ме,

Кенет Аспан сығып алды көз жасын.

Менің жаным Өлең болып егіле,

Өмір болып а-а-а-л, бір келіп боздасын.

 

Алматының баққаны – өсек, айтқаны – ән.

Сескенді ме, күрт өзгерді Аспаны.

Ал Алматы Алматы боп қайтадан,

Сабылысқан тіршілігін бастады.

 

Бұл Алматы көргеніне сенетін,

Көрінгенге ойыншық боп сыналар.

Алматы-Қыз бір қолында темекі,

Алматы-Ұлдың бір қолында сыра бар.

 

Бұл қалада ардақтайды кім сені?!

Атыраудан әкелгенмен жол күліп.

Алматының көзіндегі қайғысы,

Көзіме кеп көшіп алды сол күні.

 

Деректер: massaget.kz

2 Пікір »

  1. рахымжан Қазан 22, 2013 at 4:58 тк - Жауап

    Қарлыға, жарайсың! Қаламың қарымды болсын!

  2. Салтанат К Қараша 27, 2013 at 12:52 тк - Жауап

    “Алматыдағы алғашқы қар” ерекше ұнады. Жаңа оралым, тың тіркестен гөрі ерекше лирикалық таза шынайы, шымыр болмысты өлең.

Пікір жазу »

Жауп болдырмау үшін мынаны нұқыңыз.


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field