Белестері биік білім ордасына бугінде 80 жыл толды.80 жыл….елді секем еткен жаңалыктармен толы болды.Тарихы тереңнен орын алған бұл қарашаңырақ басында Киров атындағы одан ҚазМУ,ҚазҰУ деген аттарды иемденді.Ұзақ әрі ұтымды жол журіп келеді, бұл мекеме.Негізі нысананы өскелең ұрпаққа жол көрсетуге арнаған университеттің жетер жетістігі молынан болды…Мәселе 80 жылдықта емес маселе 80 жылда атқарылған істе емес пе?! Ол жетістікке бугінде ел басқарып отырған халық қалаулыларының жартысынан көбі осы қасиетті мекеннен түлеп ұшқан еді деп бір сөзбен жеткізсек те аздық етпес. Нәтиже деген осы болар, сірә…ҚаЗҰУ деген сөзді естігенде санаға бірден-сапа, дәреже, бәсеке, жүйрік, бірінші, көшбасшы, абырой,білікті деген сөздер енеді. Алтын білім ордасы ҚазҰУ дамыған ЖОО сапалы көрсеткіштерін бағалаудың танылған QS рейтингілік агенттігінің зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша 800 үздік университеті арасында 299-орынды бағындырып, әлемдік топ-300 үздік ЖОО қатарына енді.
Айта кетерлігі, топ-300 үздік ЖОО қатарына ТМД елдерінен үш жоғары оқу орны енген. Олар: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Ломоносов атындағы ММУ мен Санкт-Петербург университеті.
Еліміздің жетекші университеті әлемдік рейтингінде алға ілгерілеуде белсенділік танытып отыр. ҚазҰУ соңғы үш жылда 350-інші бағытқа жоғарылады. Мұндай маңызды жетістікке ҚазҰУ ұжымы кешенді құрылымдық модернизация жүргізу, факультеттерді кластерлік негізде дамыту, кафедраларды ірілендіру, жүйелік басқаруды енгізу, нәтижеге бағытталу жұмыстары арқылы жетіп отыр.
Халықаралық жетекші сарапшылардың пікірінше, ҚазҰУ қызметтің барлық бағыты бойынша сапалы көрсеткіштерді барынша арттырып отыр. Университет толығымен халықаралық стандарттарға жауап беретін білім бағдарламасына көшкен. Білім ордасының ғалымдары белсенді түрде ғылыми зерттеулер жүргізеді. Халықаралық деңгейде инновациялық жобалар жүзеге асады, жаңа технологиялар жасалады.
Жоғары импакт-факторы журналдарда ҚазҰУ ғалымдарының жарияланымдары жыл сайын артып келеді. Университет халықаралық әріптестікті кеңейту саласында, академиялық ұтқырлықты арттыруда, әлеуметтік серіктестікті дамытуда көш ілгері келеді. Университет жұмыс берушілер арасында кең танымалдылыққа ие. QS агенттігінің рейтингісін жүргізу барысында ҚазҰУ-дың академиялық ортадағы беделі жоғары бағаланған.
Мемлекет басшысының әлемнің үздік топ-ЖОО рейтингісіне ену тапсырмасын тыңғылықты орындап отырған ҚазҰУ ұжымы білімге негізделген экономиканың белсенді субъектісіне айналмақ.Ендеше жетістік деген осы болар! Киелі шаңырағымызға осы жылы 80 жыл толғалы 80жылдық аса бай тарихымен университет Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы.Мерейің үстем,болшағың жарқын бола берсін- ҚазҰУ! Әл-Фараби әлемнің екінші ұзтазы, қайталанбас дара тұлға …бұндай атты иемденіп алып журудің өзі асқан жауапкершілік. әл-Фараби бабамыздың сөздеріне жүгінсек, оның білім мен ғылым жолындағы даналығы, қиссалары, пәлсапасының мәңгілік «тәртіпсіз келген білім – ең қауіпті қару» екенін естен шығармай білім ордамыздың бүгінде отандық білім берудегі басты назарға қойылатұғын мәселесі -тәртіп . Өйткені бұл тек «болар баланы бесіктен» тербетіп қана қоймай, бұғанасы қатпаған ертеңгі ел тұтқасының тәрбиесінде игі іс бола біледі.Ал біздің бәсекеге қабілетті университетіміз осынау қасиетті атты иемденіп жұғысты болсын, немесе қойылған нысана болсын деп ырымдағаннан болар, әлем таныған әл-Фарабиге лайық, бүгінде әлем таныған университетке айналды!
2 Пікір »
Пікір жазу »
бұл университет менің арманымның алтын тұғыры!
80 жылдық мерей тойың құтты болсын, қасиетті маған өмірге жолдама берген білім ордам!