Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Ұлыны ұлықтаған ұлағатты кеш

jurfak Наурыз 17, 2014 0

101Дала кемеңгері Абай – қазақ елінің мақтанышы. Абай дегенде толғанбаған қазақ, ойланбайтын адамзат болмайтын шығар сірә?! Ойлы өлеңдерімен, асыл қара сөздерімен өскелең ұрпаққа қанат бітіріп, тәрбие мен адами қасиеттерді әрдайым бойға сіңірткен данышпан ақынның өсиеті – мәңгілік мұра.

Жақында Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер Сарайындағы Жастардың «Руханият» орталығында «Абайтану әлемі» атты танымдық-шығармашылық кеш өтті. Кештің мақсаты: әр қазақ баласының бойына Абай шығармаларының құндылығын дәріптеу.

Аталмыш іс-шара Қазақ Ұлттық Универсиетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтановтың бастамасымен жүзеге асып отырған «100 кітап» жобасы аясында және Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар   М.Барманқұлов атындағы  «Телезертхана» үйірмесінің мүшелері (жетекшісі Ж.Әбдіжәдәлқызы).

Кешті журналистика факультетінің деканы Өмірхан Әбдіманұлы өнегелі сөзімен, Абайдың керемет өлеңдерімен ашып берді. Кеште әдеби-драмалық композициялармен өріліп, позия мен әдемі әндердің үйлесімі болды.  Кеш қонақтары ретінде Сүлеймен Демирел  атындағы университеттің студенттері қатысты. Өз өнерлерін көрсетті.  Күмбірлеген күй мен қарасөздерідің құдіретін сезіндірді.

Кеш көрермендерге үлкен әсер қалдырды. 101-топ студенттері өздерінің жаңа актерлік қырларын танытып «Татьянаның сахарадағы әні» атты көрініс қойды. Көріністе басты Абай рөлін Балымбетов Бөкенбай сомадаса, Әйгерім  рөлін –  Қарасаева Нұргүл , Кішкене молда – Асыл  Ерзат, Мұхаметжан рөлінде  – Ахметов  Мади,  Баймағамбет –  Шынар Әбзелбек , Қысатай – Тұрсынбаев Айтбек,  Ысқақ – Төлеген Берікбол, Мағауияны сомдаған –  Шырынхан  Салтанат, Көкбай рөлін – Төлепберген  Еламан ойнап, Абай дәуіріне шынайы бойлағандай күй кешіп, студенттер кәсіби актерлерден кем ойнамады.  Сонымен қатар,  дарынды студенттер Абайдың халыққа берген ең асыл қазынасы – өлеңдерін,  қара сөздерін жатқа оқып, арнау өлеңдерін арнады.

Ал Аққайыр Жадыра «Көзімнің қарасы» әнін нақышына келтіре орындаса, Рысқұлова Гүлім осы кешті бастан-аяқ тиянақты жүргізіп шықты.

Алдағы уақытта осындай  тәрбиесі мен тәлімі бар кештер көп болады деген үміттеміз. Осы жылы тек факультет көлемінде өтсе, келесі жылы Абайдың  170 жылдығын  университеттік, қалалық көлемінде атап өтсек деген  тілегіміз де бар.

Әйгерім Әлімжан,

Оқытушы

Еңлік Әбдіқадыр,

журналистика факультетінің1 курс студенті

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field