Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Ақиық ақынға арналған кеш өтті

jurfak Ақпан 11, 2014 0
Ақиық ақынға арналған кеш өтті

7 ақпан күні Журналистика факультетінде ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Жырлап келдім өмірге…» атты әдеби-драмалық кеш өтті.  Кеш барысында қазақ поэзиясының көгіне қанатты жырларын қалықтатқан, Хантәңірдің мұзбалағы, Мұқағали ақынның ел мен жер, махаббат жайлы өлеңдері оқылып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына  композициялық көрініс қойылды.  1-курс студенті Төлепберген Еламан «Арыз жазып кетейін» өлеңінің желісімен Мұқағали рөлін сомдауы сәтті, әрі тартымды кейіпкер бейнесін бере білді.

Ақының  шығармашылығы мен өмір жолы туралы деректі фильм көрсетіліп, көрермендерге қызықты сұрақтар қойылды. Сонымен қатар домбырамен ақынның Балымбетов Бөкенбай «Есіңе мені алғайсың» әнін, ал Аққайыр Жадыра «Саржайлау» әнін нақышына келтіре орындады.

2 (1)Кеш соңында факультет деканы, профессор Ө.Әбдиманұлы кешті ұйымдастырушы бірінші курс студенттеріне алғысын білдіріп, рухани мұраларымызды әрдайым қадірлеп, қастарлеп жүру қажеттігін айтып, жастарға шығармашылық шабыт тіледі. Кешке қатысқан кафедра меңгерушілері Г.Сұлтанбаева, С.Медеубекұлы, куратор-эдвайзер Б.Әсембаева да рухани-шығармашылық кешке қатысушы талантты студенттерге тек сәттілік тіледі.

Шоқтығы биік шығармашылық шыңына қарап бой түзеген жас ақындардың қаламы қарымды болсын демекпіз!

Әлімжанова Әйгерім,

101-топ куратор-эдвайзері, оқытушы

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field