24 қаңтар күні Журналистика факультетінің 230-шы мәжіліс залында, қазақ стенографиясының қалаушысы, публицист, аудармашы, жазушы Данабике Байқадамованың туғанына 100 жыл толуына орай конференция өтті. Конференцияны жүргізуші танымал сатирик-жазушы, ақын Мыңбай Рәшпен қатар, белгілі жазушы Сапабек Есіпұлы, «Егемен Қазақстан» газетінің ардагер і- Жақып Мамадияр, «Балбұлақ» журналының бас редакторы – Қожахметова Мағира т.б қатысты.
Жиналған қауым Данабике апайды еске алуда жүректен шыққан жылы-жылы сөздерін айтты. Конференция барысында көрсетілген бейнефильмде, жазушының балалық шақтағы суреттері мен қоса, әкесінің, анасының суреттері сондай-ақ қызмет барысындағы суреттері мен жоодасы мен балалары жалпы отбасылық суреттерлі жақсы баяндалды.
Конференция соңында келген жұртқа ас берілді.