Журналистика факультетінде осындай тақырыппен қаңтардың 24-і күні Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың биылғы жолдауын факультет ұстаздары мен студенттері бірге талқылады. Шараға куратор-эдвайзерлер А.Әсел, Б.Әсембаева, М.Абдайымов т.б қатысты. 1-курс студенттері Ахметов Мади «Қазақстан-2050» стратегиясы және мемлекеттің жаңа саяси бағыты», Қыдырханова Ақжарқын «Жолдау: маңызды мәселелер мен мүмкіндіктер» атты баяндамалары тыңдалып, студенттер өздерінің ойларын, жоладауды жүзеге асырудағы нақты ұсыныстарын айтты.
Жолдауда ерекше көңіл бөлінген мәселелер экономикалық интеграцияны дамыту мен әлеуметтік, медициналық қызметтердің бағыттары бойынша жас журналистер ізденіп, зерттеулер жүргізіп, мақалаларын БАҚ-та жариялау басты парыздары екендіктерін айтып өтті. Сонымен қатар жаңа қазақстандық патриотизм идеясы мен қазақ тілі мен тілдердің үштұғырлық, ұлттық интеллигенциясының рөлі, ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін мәселесі де тақырып аясында сөз болды.
Қорыта айтқанда, жолдау – жастардың басты бағытын айқындайтын стратегиялық құжат. Жастардың санасына серпіліс беретін жолдаудағы бағыттарды бір мақсат, бір мүдде арқылы бірлікпен жүзеге асуына әрқайсымыз үлес қоса алсақ, болашағымыз жарқын, еліміз еңселі, тіліміз тұғырлы, берекеміз баянды болары сөзсіз.
Әлімжанова Әйгерім,
Журналистика факультетінің оқытушысы