ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының кәсіби бағдар беру қызметі ғылыми негізделген жүйе түрінде жоспарлы іс-шараларды жүзеге асыруда. Кәсіби бағдар беру қызметінің тиімді тәсілдерінің бірі – мектеп мұғалімдеріне арналған семинар-тренингтер өткізу. Осы орайда 9 қаңтарда ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы жалпы және этникалық педагогика кафедрасымен бірлесе отырып Алматы қаласының, облысының (Талдықорған қаласы, Іле ауданы) жалпы білім беретін мектептері мен гимназия мұғалімдеріне (29 мектеп-гимназия), балалар үйінің қызметкерлеріне (№ 2 балалар үйі) «Оқытудың және тәрбие берудің инновациялық әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. 50-ге жуық семинар қатысушылары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім беру нарығындағы орнықты позициясымен, білім берудегі инновациялық тәжірибесімен танысты.
Семинарда тренерлер п.ғ.д., профессор А.К. Мыңбаева, п.ғ.к., доцент З.М. Садвакасова, п.ғ.к., доцент У.Б. Төлешова педагогикалық ғылымдағы қазіргі өзгерістер, білім беру модельдері, жеке тұлғалық әдістер туралы ақпарат беріп, оқушыларды тәрбиелеудегі, бағалаудағы жаңашыл бағыттарға, әдіс-тәсілдерге теориялық және практикалық тұрғыдан машықтандырды. Инновациялық оқытудың принциптері, тәрбиелеудің жаңа құралдары туралы мол мағлұмат алған мектеп ұстаздары семинар-тренинтге алған білімдерін тәжірибеде қолданатындықтарын жеткізіп, семинар жұмысына ризашылықтарын білдірді. Мұндай тренингтердің мектеп мұғалімдері үшін өте пайдалы болғандықтан жиі ұйымдастырылса деген тілектерін айтты. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.
ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен
байланыс кафедрасының меңгерушісі Назгүл Шыңғысова