Патриоттық тақырыптарға арналған
Жалпы ережелер
- Алматы қаласының мектеп оқушылары арасында өтетін байқау 1 қыркүйек 2013 ж. 15 қаңтар 2014 ж. аралығында өтеді.
- Материалдарды қабылдау уақыты –2014 жылдың 16 қаңтарына дейін.
- Байқаудың қорытындысы 2014 жылдың ақпан айында шығарылады.
- Байқаудың ұйымдастырып, өткізуді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы және университеттің ЮНЕСКО орталығы жүзеге асырады.
Қазылар алқасы
- Қазылар алқасының құрамына танымал журналистер, қоғам қайраткерлері мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары кіреді.
- 2014 ж. ақпан айында қазылар алқасы үздік жұмыстарды іріктейді.
Негізгі қағидаттар
- Оқушылар шығармасы байқаудың нысаны мен міндеттеріне толық сәйкес келуі керек, нақтырақ: жастарды Қазақстанның тарихы мен қоғамдық өмірін үлгі етіп патриоттық сезімге тәрбиелеу, патриоттық, рухани, өнегелі құндылықтарды бір арнаға жию, сонымен қатар салт-дәстүр және қазақ елінің өнерін дәріптеу.
- Жұмыстар байқаудың бүкіл талаптарына сәйкес келуі, міндеттеріне толық жауап беруі керек.
Марапаттау
Қазылар алқасы үздік шығармаларды таңдап алады, байқаудың соңында арнайы сертификаттармен марапаттайды.
Есеп беру
- Қазылар алқасы хат алыспайды, педагогтарға пікірсарап және есеп бермейді. Сонымен қатар мемлекеттік емес ұйымдарға, журналистерге, БАҚ т.с.с. байқаудағы материалдар берілмейді.
- Байқауға берілген материалдар кері қайтарылмайды.
- 2014 жылдың ақпан айында байқаудың қорытындысына арналып республикалық конференция өткізіледі, сертификаттармен және кітаптармен марапаттау рәсімі болады.
Байқауға берілген материалдарды ары қарай қолдану әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЮНЕСКО орталығының иелігінде.
Оқушылар шығарамасына талаптар:
- 1. Шығармалар электронды түрде жазылған және мына электронды поштаға жіберілу керек: laila_akhmetova@mail.ru – профессор Ахметова Лайла Сейсембекқызына.
- 2. Қазақстанның орта мектептерінде білім алатын оқушылардың ғана шығармалары қабылданады.
Рәсімдеу келесі үлгіде болуы шарт:
- Оң жағынан оқушының аты мен жөнітолық, үтір арқылы – сынып, мектеп\лицей, аудан, қала, область
- Егер оқушыныңжетекшісі, мұғалімі көмекші ретінде қасында болса, онда міндетті түрде толық аты-жөні жазылуы тиіс
Веб-сайты: www. http://jurfak.kz/
http://unesco-kaznu.ucoz.kz/
Орта мектепте білім алатын, оқушылар арасында өтетін «қоғаммен байланыс» жайлы шығарма жазу байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер
- Алматы қаласының мектеп оқушылары арасында өтетін байқау 1 қыркүйек 2013 ж. 15 қаңтар 2014 ж. Аралығында өтеді.
- Материалдарды қабылдау уақыты –2014 жылдың 16 қаңтарына дейін.
- Байқаудың қорытындысы 2014 жылдың ақпан айында жүргізіледі.
- Байқаудың өтілуін және ұйымдастырылуын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы және Университеттің ЮНЕСКО орталығы жүзеге асырады.
Қазылар алқасы
- Қазылар алқасының құрамына атақты журналистер, қоғам қайраткерлері мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұғалімдері кіреді.
- 2014 ж. ақпан айында қазылар алқасы үздік жұмыстарды таңдап алады.
Негізгі қағидаттар
- Оқушылар шығармасы байқаудың нысаны мен міндеттеріне толық сәйкес келуі керек, нақтырақ: эссе, видео немесе аудио сұхбат, әңгіменемесекелесі тақырыптағы түрлі материалдар :
- Өзіндік презентация
- Оқып орты мектеп немесе лицей туралы презентация
- Қызығушылығыңыз жайлы
- Үйірме, сүйікті сабақ туралы презентация Сіз тұратын аудан, қала, немесе бүкіл Қазақстан жайлы презентация
- Жұмыстар байқаудың бүкіл талаптарына сәйкес келуі керек, міндеттеріне толық жауап беруі керек.
- Шығармалар өте үлкен көлемде болмауы тиіс. Тың ойлар мен ұсыныстар, жаңашылдық, шығармашылық сұлулық бағаланады.
Марапаттау
Қазылар алқасы үздік шығармаларды таңдап алады, байқаудың соңында арнайы сертификаттармен марапаттайды.
Есеп беру
- Қазылар алқасы хат жазыспайды, педагогтарға пікірсарап және есеп бермейді. Сонымен қатар мемлекеттік емес ұйымдарға, журналистерге, БАҚ т.ғ.с байқаудағы материалдар берілмейді.
- Байқауға берілген материалдар кері қайтарылмайды.
- 2014 жылдың ақпан айында байқаудың қорытындысына арналып республикалық конференция өткізіледі, сертификаттармен және кітаппен марапаттау рәсімң болады.
Байқауға берілген материалдарды ары қарай қолдану әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ЮНЕСКО орталығының иелігінде.
Оқушылар шығарамасына талаптар:
- 3. Шығармалар электронды түрде жазылған және мына электронды поштаға жіберілу керек: laila_akhmetova@mail.ru – профессор Ахметова Лайла Сейсембекқызына.
- 4. Қазақстанның орта мектептерінде білім алатын оқушылардың ғана щығармалары қабылданады.
Рәсімдеу келесі үлгіде болуы шарт:
- Оң жағынан оқушының аты мен жөнітолық, үтір арқылы – сынып, мектеп\лицей, аудан, қала, область
- Егер оқушыныңжетекшісі, мұғалімі көмекші ретінде қасында болса, онда мндетті түрде толық аты-жөні жазылуы тиіс
Веб-сайты: www. http://jurfak.kz/
http://unesco-kaznu.ucoz.kz/
Саламатсыздар ма. Сәздерден сұрайын дегенім – материалды 15 қаңтар күні жіберсем кеш болмайды ма? Және материалды майл-ру дан өзге қандай жолмен жіберуге болады?
Профессор Ахметова Лайла Сейсембекқызының мына e mail адресіне laila_akhmetova@mail.ru – жіберіңіз.
Сәлеметсіздер ме? сіздердің сұрайын дегенім- алдында жіберген хабарламада оқушы жұмыстары 28 ақпанға дейін қабылдаймыз делінген, ал қазір оқысам 16 қаңтарға деәін деп жазыпсыздар? Жұмысты қабылдау мерзімін нақтылап жазсаңыздар?
Сәлеметсіз бе!! Менің сұрайын дегенім Алматыдан басқа қалалардағы оқушыларға шығармалар конкурсына қатысуға бола ма?
Мектебімізге келген қатынас қағазда 28 ақпанға дейін деп көрсетілген, қайсысы дұрыс екен?
Сәлеметсіз бе!Мен осы байқауға қатысып ем. Қортындыны қайдан білуге болады?
2015 жылы байқаулар бола ма?
МЕН ЕКІ ОҚУШЫНЫҢ(АСҚАРБЕКҚЫЗЫ АҚНҰР, ТАШҚАРАЕВА МАДИНА) ШЫҒАРМАСЫН СІЗДЕРГЕ ЖІБЕРІП ЕДІМ. НӘТИЖЕСІН ҚАЛАЙ БІЛЕМІН.