Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

«Біздер – Кожакеевтік кадрлармыз»

jurfak Желтоқсан 21, 2013 0
«Біздер – Кожакеевтік кадрлармыз»

Қазақстандық журналистика әлемінде профессор, филология ғылымдарының докторы, сатирашы Темірбек Кожакеевті білмейтін жан кемде-кем. Ол кісінің өте принципшілдігі, талап қойғыштығы, қатал тәртіп иесі болғандығы сол жанмен қызметтес, қатарлас, замандас және шәкірт болғандардың есінде.

Т.Қожакеұлы – Әл-Фараби атындағы Ұлттық Университетімен біте қайнасып, бірге жасасқан жан болатын. Білім алды, еңбек етті, ғылым жолына үлесін қосты.

Осы университеттің журналистика факультетіне декан болып келгенінде біздер бірінші курста оқушы едік. Менің курстастарымның азамат болып қалыптасуларына ұстаз көп ықпал етті.

Ол кісінің басшылық еткен кездерінде сабақтан қалып жүрген студент, жұмыстан кешігіп келе жатқан қызметкер көрінбейтін дәрежеге дейін тәртіп жолға қойылды. Сол тұстағы дәстүрлердің бірі – 7 қараша, 1-мамыр сияқты мерекелік күндері алаңдағы үкімет үйінің алдынан шеру өтетін. Шеруде ең үлгілі, ең озық деген факультет ту ұстап шығатын. Сол ту ұстау дәстүрінен журналистика факультеті Темаға декан болған жылдары айырылған жоқ.

Бірде Темірбек аға әдеттегідей қара папкасын қолтығына қысып келе жатыр екен, дәлізде жүрген көрші заң факультетінің студенттері: «Қожакеев келе жатыр!» деп қашып бара жатты. Өйткені, «әй, қулар, сабақ қайда?» деп міндетті түрде сұрауы мүмкін. Оның үстіне темірдей тәртіппен аты шыққан журфактың деканы болғандықтан да мысы басатын.

Ұлағатты ұстаз өзі қандай еңбеккер, қажымайтын, талмайтын адам болса ұжымынан да соны талап ететін еді. Бірақ жұмысына адал, қызметіне ұқыпты жандарды жақсы көретін, сыйлайтын. Ал, көңілін қалдырғандар ол кісінің «қара тізіміне» ілінді дей бер.

Бірде жаздың күні еді… Бүкіл мұғалімдер, студенттер де демалысқа тарап кеткен. Мен баспасөз кабинетінің меңгерушісі едім. Істейтін еш нәрсе болмаған соң, далаға қарасам, ағайдың көк «Волгасы» жоқ екен. Пендешілік жасап, мен де үйге кетіп қалдым. Есікті ашқаным сол еді, телефон безілдеп қоя берді.

–         Әлеу, Клара?

–         Иә, аға! Сәлеметсіз бе? (Марқұм қайнағам, Аубай аға екен деп қалдым.)

–         Сәлемет… Жұмыс қайда?

–         Ой ,аға, жұмысты тауысып келдім…

–            Сағат әлі 4-те болған жоқ, қалай тауысып келдің? Өй, сен де…, – деген кезде декан екенін білдім. Факультетке телефон шалсам, ол кісі сол күйі келмепті. Қыздары жұмыста бар ма, жоқ па деп сырттан түгендеп отырған беті екен.

–            Содан көп уақытқа дейін! «Мына, Кларалар жұмысты сағат екіде тауысып, кетіп қалады әуелі» деп әзіл шыны аралас бетіме басатын. Менің әріптестерім: «Иә, жұмысты тауысып шықтың ба?» күлкі ететін.

Ұстаздың темірдей тәртібімен, талабымен есейген біздер әлі күнге дейін жұмыстан кешігу, келмей қалу, қоғамдық жұмыстардан бас тарту сияқты қасиеттерді бойға дарытқан емеспіз. Қай уақытта болсын жұмыстан табыламыз. Ұстазымыз Темірбек аға «Мен Сталиндік кадрмын, ол заман бізді темірдей тәртіпке үйреткен», – дейтін еді.

Ал, біздер «Қожакеевтік кадрлар» екенімізді мақтан тұтамыз. Артындағы шәкірттеріне ұлағатымен із қалдырған ұстаз – ұлы.

 

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field