Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

“Тілге құрмет – елге құрмет”

jurfak Желтоқсан 9, 2013 0

Дәл осы атаумен 2013 жылдың 27 қарашасында Атырау қаласында тіл жанашырларының Тілге қатысты жарық көрген кітаптары мен жалпы тіл саясаты айналасында жасаған еңбектерімен таныстыру мақсатында Конференция өтті. Бұл конференция 28 қараша күні Ақтау қаласында өз жалғасын тапты. Жиынды ұйымдастырған – Солтүстік Каспий Консорциумының жаңа Операторы НКОК (Норт Каспиан Оперейтинг Компани) компаниясы. Кезінде қаржылық қолдауын көрсетіп, ғалымдардың шығармашылықпен айналысуына мұрындық болған Аджип ҚКО компаниясы қазірде жұмыстың белгілі бір аумағына жауап беретін НКОК-тың агент компаниясы болып табылады. НКОК-тың іскерлік бедел менеджері Жағыпар Егізбаев өзінің алғы сөзінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жоба авторларының еңбектерімен таныстырып, басқа да келе алмай қалған жоба авторларына еңбектерінің халық үшін пайдасының зор екендігін айта келе, компания басшылығының тарапынан өз алғысын жеткізді.

Ол өз сөзінде:  2005 жылдың 26 қарашасында Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлісу келісім шарты (СКӨБК) аясында жұмыс істейтін Консорциумның Басқарушы Комитеті қазақ тілін дамытуға атсалысу бағдарламасын жасау туралы шешім қабылдады,- деді.  Бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстан тарапына, тілдерді дамытуға арналған мемелекеттік бағдарламаларға мейлінше көмек көрсету.

2005 жылы сұранысты мұқият та терең талдап, Өкілетті органның құптауын алғасын, мынадай бағыттардағы кітаптар басып шығаруға шешім қабылданған екен. Олар:

  • Жалпы және кәсіби сөздіктер мен лексикография
  • Терминология мен атауларды зерттеу (Ономастика)
  • Қазақ тілін оқыту методологиясы
  • Ø Қазақ тілін насихаттау мен қолдану аясын кеңейту

Осы бағдарлама аясында жұмыстарды атқару үшін тендерге қатысуға 40 үміткер ниет білдірген. Аджип ҚКО компаниясы жасап шығарған Қатысу Шарттары негізінде барлық 40 үміткер өздерінің ұсыныстарын таныстырып, ол ұсыныстарды бағалау негізінде сұрыпталып алынған Мердігерлер Қатысу Шарттарын қабылдайтынын растаған. Ұсыныстар үкіметтік, коммерциялық, әлеуметтік және басқа ұйымдармен қатар, жеке Қазақстан азаматтарынан да қабылданыпты. Барлық ұсыныстар құзырлы үкімет ұйымының сараптамасынан өткен соң, Бастапқы іріктеу критерияларына сәйкестері әрі қарай бағалану мен таңдап алу үшін СКӨБК Сыртқы Байланыстар Кіші Комитетіне жіберілгенін баяндаған Жағыпар Егізбаев, ондағы шарттарға да тоқталды. Шарт бойынша: Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамаларына қайшы келетіндері мен Мемлекеттік, саяси немесе діни ұйымдарды қолдауға бағытталғандар жобалар қарастырылған жоқ,- деген Ж.Егізбаев бұл жобадағы жасалған Техникалық сараптаманың мынадай критериялары болғанын баса айтты:

  • Ø Жобаның қоғам үшін маңызы
    • Ø Мақсатты аудиторияны қамту
    • Ø Жобаның ұзақ мерзімді әсері
    • Ø Қолданымдағы Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту бағдарламасымен оңай біріктірілу мүмкіндігі
    • Ø Тез жүзеге асу мүмкіндігі
    • Ø Жаңалығы
    • Ø Сұраныс деңгейі мен өзектілігі
    • Ø Біртұтастылығы
    • Ø Жүйелі түрде қолдану мүмкіндігінің деңгейі
    • Ø Басқа жобаларға икемдену мен ыңғайландыру мүмкіндігі.

Атырау, Ақтау қалаларында өткен конференцияда қазіргі таңда осы Бағдарлама аясында жүзеге асқан 8 жоба таныстырылды. Олардың ішінде әр түрлі мұнай және газ саласының сөздіктері, эсселер, жаттығу кітаптары, өздігінен оқу құралдары, қазақ тілін үйрену курстары және т.б. барлығы 18000-дай кітаптар басып шығарылғанын сүйіншілей жеткізді. Бүгінде ол кітаптар әрі қарай таратылу үшін республикалық және жергілікті үкімет органдарына табыс етіліпті. Бағдарлама аясында жасалған жұмыстарға тоқталып өтсек:

1 жоба – Медициналық-биологиялық терминдер мен ұғымдардың түсіндірме сөздігі. Жасаған – “Медициналық радиобиология ғылыми орталығы” ЖШС, Басып шығарылған өнім – Медициналық-биологиялық терминдер мен ұғымдардың түсіндірме сөздігі. Екі томдық. Мерзімі – 3 жыл. 2007 ж. маусымы – 2009 ж. мамыры

 

2 жоба – Әр түрлі деңгейдегі қазақ тілін оқыту жинақталымы.  Жасаған – Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті,  Басып шығарылған өнім – Әр түрлі деңгейдегі қазақ тілін оқыту жинақталымы (оқулық + сөздік, жазу дәптері, компакт диск, тест + бағдарлама, оқытушы кітабы, хрестоматия), Мерзімі – 3 жыл , 2007 ж. маусымы – 2010 ж. қарашасы

3 Жоба – Ғаламтор арқылы өздігінен қазақ тілін оқып үйрену.

 Жасаған – Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы механика және математика ғылыми-зерттеу институты, Басып шығарылған өнім – Ғаламтор технологиясына негізделген өздігінен қазақ тілін оқып үйрену вэб сайты.  Мерзімі – 2 жыл, 2007ж. маусым – 2009 ж. мамыр

 

4 Жоба– Терминология мен ономастика. Жасаған – Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Басып шығарылған өнім – “Балық шаруашылығы терминдері”, “Мұнай және газ терминологиясының қысқаша түсіндірме сөздігі”, Атырау жер-су атауларының түсіндірме сөздігі”, Мерзімі – 5 жыл, 2007 ж. маусымы – 2012 ж. мамыры

5 жоба – «Қазіргі қазақ тілінің функционалдық-стилистикалық құрылымының өзгеруі” тақырыбына ғылыми жоба. Жасаған – Қазақ мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы бөлімі, Басып шығарылған өнім – Біріккен монография, Оқытушы кітабы, сөздік;  Мерзімі – 3 жыл , 2007 ж. маусым – 2010 ж. мамыр

6 жоба – “Қазіргі қазақ тілі” оқулығы мен “Тілдер әлемі” түсіндірме сөздігі. Жасаған – Қазақ мемлекеттік университеті, Басып шығарылған өнім – “Қазіргі қазақ тілі” оқулығы мен “Тілдер әлемі” түсіндірме сөздігі; Мерзімі – 2 жыл, 2007 ж. Маусым – 2009 ж. қараша

7 Жоба – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілді дамыту мен енгізу (мұнайгаз өнеркәсібі үшін маңыздылығы), Жасаған – Қазақ тілі қоғамы мен Тіл білімі институты, Басып шығарылған өнім – Мұнайлы өңір мәдениеті кітабы, ауызекі тілдің қазақ-орыс-ағылшын сөздігі,  Оқулықтыр, Тарихи және дәстүрлі ономатология сөздігі, кәсіби терминдер жинағы,  Мерзімі – 5 жыл, 2007 ж. маусымы – 2012 ж. маусымы

8 Жоба – Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасында өркениеттілік пен рухани жедел жаңартудың негізі, Жасаған – Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, Басып шығарылған өнім – Еуразия мәдениеті сөздігі, Ағылшын, неміс және француз аудиторияларына арналған қазақ тілі оқулықтары, Ескі қазақ әдеби тілінің сөздігі, Жәдитшілдік және алаш: ұғымдар мен терминдер сөздігі, және т.б. көптеген еңбектер,   Мерзімі – 5 жыл, 2007 ж. маусым – 2012 ж. мамыр.

СКӨБК Өкілетті органының құптауымен шығарылған барлық өнімдер Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің Тілдер комитетіне, сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімшіліктеріне табыс етілген екен.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы механика-математика Ғылыми зерттеу институтынан қатысқан Мен үшін бұл конференцияның маңызы өте жоғары болды. 2007-2009 жылдар аралығында «Самоучитель казахского языка» деп аталатын қазақ тілін үйренушілерге арналған вебсайт дәл осы жоба аясында жасалып шығарылған болатын. Ғылыми жетекшілер Данаев Н.Т., Құрышжанова А.А., Боранбаев С.А. басқаруымен ең білімді, білікті мамандар жасақталып, айналасы екі жыл ішінде тіл меңгерушілерге арналған тиімді, әрі оңай бағдарлама жасалды.

Бұл жоба 2007-2009 жылдары AGIP компаниясының әлеуметтік маңызды жобаларды қолдайтын конкурста жеңуінің нәтижесінде жасалған болатын. Бұл компанияның қаржылық қолдауы – ҚР тіл саясатында күні бүгінге дейін басымдық міндет болып табылатын, Интернет арқылы ҚР мемлекеттік тілін меңгергісі келетіндерге бағыт беретін виртуалдық жаңа, өзекті жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Жобаның жүзеге асырылатын мақсаттары бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

  • қазақ тілін үйренушілері үшін /оны оқу үдерісінде де  енгізуге, өз бетінше де қолдануға мүмкіндік береді/ Қазақстан аймағында тұңғыш рет Ғаламтор сайты жасалды.
  • Бұл кең функционалды мультимедиалық-дыбыстық қостауы бар, интерактивті тестинг және онлайн жүйесіндегі өңдеуі мен жаттығулардан тұратын бірден-бір оқу қоры.
  • оның өзекті мазмұны және жаңа қызмет түрлері Қазақстан аймағында KazNet қазақ контентін толтыру мақсатында күні бүгінге дейін жұмыс жасап жатыр.
  • Бұл ересек үйренушілерге арналған онлайн режиміндегі алғашқы интерактивті “өздігінен үйреткіш” (Алайда осы аудитория ҚР мектеп, ЖОО санамағанда мемлекеттік тіл үйрету жүйелеріне енбей қалған).
  • Бұл үдерісті жүзеге асырарда, қазақ тілін үйретудің ең тиімді жаңа әдістері жолға қойылды, ол үшін қазақ тілін оқыту мақсатында таңдаулы бағдарламашы-мамандар жасақталды.
  • Республикамыздағы қазіргі тілдік жағдайда тілді үйрету құралы ретінде жаппай қолданылатын және қазіргі оқу дәрісханасындағы маңызды әдістердің бірі ретінде орыс тілінде оқыту  әдісі пайдаланылды.

Бұл жобаның маңыздылығы сол, веб-бағдарламалар арқылы мемлекеттік тілді үйретуде лингвистикалық және әдістемелік жаңа деңгейлер ойластырып, үйрету жолдары  жеңілдетіледі.

Көрсетілген бағыт республикамызда ғаламтор арқылы  жұмыс істеудің икемді әрі ауқымды  қасиеттерімен кеңінен қолданысқа ие болды.

Аджип компаниясының Стратегиялық көрегендігі мен қырағылы – бұл бастамалардың жалғасын табуына және ауқымының кеңеюіне мүмкіндік берді.  Бұл жаңа контентті тез әрі тиімді өсіруге, функциясы мен жүйелерін кітап басылымдары мен басқа да hard copy нұсқаларынан өзгеше етіп жасауға жағдай туғызар еді.

Компанияның қолдау көрсетуінің арқасында бұрынғы ғылыми және өндірістік бағдарлама жасаушы кадрлар жаңа заман мамандарына лайық кәсіби деңгейлері өсті, ұрпақ үшін жаңа құндылықтарды қалыптастыруда маңызды жарна болып табылды.

Қазіргі уақытта барлық мультимедиялық компьютерлік құралдар қазақ тілін тереңдетіп, өз ана тіліндей үйретпейді, ал мемлекеттік тілді үйретудегі бұл кешенді шешімді олармен салыстыруға болмайды.

Web серверде курсты қолдану болжамдары:

  • Қолданушылар үшін қарапайым және қолжетімді
  • Әртүрлі көлемдегі ақпараттардың енгізілуі мен үлкен тілдік қордың қолжетімділігі
  • Онлайн жүйесінде оқуға мүмкіндік және қадағалау
  • Бақылау, үлгерімді жазу мен түзету, кері байланыс, психологиялық салмақ түсірмейтін обьективті бағалау және уәждемені көтеру
  • Әрбір оқушының тәуелсіз дербес жұмыс уақытын тиімді пайдалану оқыту – мүмкіндігін арттырады

Әдетте жаратылыстанудың тілдік қарым-қатынасында еркін сөйлеуге тілді машықтандыруда 2-4 сөйлемнен тұратын диалогтар құрастырылып, олардың екпіндеріне көңіл бөлінеді.

Дауыс ырғағының үйлесімі кең тараған 4-6 көп таралған модельдер: cұраулы сөйлем, болымды сөйлем, қайталап сұрағандағы дауыс ырғағы, күдік алу, риторикалық сұрақтар, күшейтілген пікірлер т.б.  пайдаланылады.

Тілдік материалдардың сандары мен қиындық сатылары үйрету деңгейіне ыңғайластырылады, грамматикалық және синтаксистік лексикалық мен морфологиялық, логикалық, т.б күрделіліктеріне қарай, әртүрлі нұсқалары берілген.

Бұл оқу материалдарымен үйрену кезінде Контент көз алдына Қазақстан мен оның халқының лингвомемлекеттік бағдарын елестете білуі керек, сол себепті мұнда аутентикалық талаптар сақталады.

Оқу материалдары: жалпы пайдаланымдағы тіл стилінің мәтіндік материалдары, тілдің жалпы және кәсіптік-бейіндік стиліне негізделген мәтіндік материалдар, тілдің әдеби-көркем стилінің мәтіндік материалдары сұрыпталады. Тілдік материалдарды тез меңгеру үшін:  тесттер, сұрақтар, жаттығулар, аударма сөздіктер, анықтама затындары және қолданбалы бағдарламалар осы курста қамтылған.

Дайындалған электронды оқыту курсы бағдарламалық қосымшаларға  ие дербес бағдарлама болып келеді, бұл бағдарламалық жасақтаманың дара дизайны (1,2 суреттер)  және «астарлы» мазмұны, әрі кешен құжаттарымен толықтырылады. Онда: бағдарламаны пайдалану туралы нұсқаулықтар, құрылымы жайлы сипаттама және бағдарламамен жұмыс жасағанда оқу материалдарына арналған әдістемелік нұсқаулықтар көрсетілген.

 

 

 

1 суретте: Ғаламтордағы қазақ тілін өз бетінше үйрену бағдарламасы

Алдымен әрбір пайдаланушы кешеннің интерфейсіне тіркеледі. (1 сурет-регистрация/тіркелу түймесі), ол оқу үдерісін бағалауға және одан әрмен қарай тіл машықтарын  ойдағыдай түзетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге оқу деңгейіндегі ішкі бағалау мен аралық ынталандыруды жүзеге асыра алады.

 

 

 

2 сурет. Интерактивті жаттығулар.

Ғаламтордан қазақ тілін өз бетінше үйренуге арналған бұл бағдарламаны еркін қолдану үшін компьютердгі Java технологиясымен қоса: Web сервер – Tomcat, дерекқор /база данных/ – МуSQL бағдарламалары болуы керек. Осы еңбектердің жасалу барысымен, пайдалану нұсқаулықтарымен таныстырып, фонетикалық-граматикалық-синтаксистік құрылымы жағынан сипат алған бағдарламаның өзектілігімен таныстырдым.

Институт ұжымы жасаған бұл еңбектің жасалу барысында көрген қызықтар мен қиындықтар ешқашан ұмытылмайды! Бәрі де нәтижелі – халық игілігіне жарамды дүниелерді дүниеге әкеліп жатқан ғалымдар еңбегі хатталып том-томдық кітаптар мен ғаламтор беттерінде ұрпақ игілігіне қызмет ете береді.

Конференция соңында – жиналған жұртшылық та, НКОК компаниясы да бұл жобаға қатысып, озық шыққан еңбектерге оң баға берді. Алдағы уақыттарда тың идеялар мен жобаларды әлі де қолдап отыратындарына уәде бере отырып, барлық ғалымдардың ғылыми еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.

Нұрлыайым Данаева,

Атырау-Ақтау-Алматы

 

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field