ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖУРНАЛИСТИКА
ФАКУЛЬТЕТІ
«Қоғаммен байланыс»
Public relations
мамандығы
Жоғары білім, университетте оқыған жылдар – бұл әлемге көз тастау, заманымыздың аса маңызды және мәңгілік проблемаларын ой елегінен өткізу кезеңі болып табылады!
Бұл – өзіндік «Меннің» қаз тұру, кәсіптік ой-өрістің қалыптасу кезеңі.
ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы білім берудегі жаңа бағыттарды ұсынады!
Фото из интернета
Оқу түрлері: грант, келісім-шарт.
Оқуға түсу үшін үміткерлер ҰБТ тапсырулары қажет:
4-ші емтихан (таңдау бойынша) ГЕОГРАФИЯ, 5-ші емтихан (бейіндік) ГЕОГРАФИЯ.
Біздің мекен-жайымыз:
050040, Алматы қ.,
әль-Фараби д., 71,
(Тимирязев, 46), ҚазҰУ,
журналистика факультеті, каб. 224
Телефон: 377-33-40 ішкі: 13-44
Факс: 377-35-14
Веб-сайт: www.kaznu.kz
Мемлекеттік лицензия №0137355 АБ
ҚР БжҒМ 03.02.2010 ж. берген, №924 бұйрық
Мектеп оқушыларына арналған «Өзіне өзің режиссерсің» конкурсы
2013 жылғы 25 қазан – 2013 жылғы 25 желтоқсан
Қымбатты оқушылар!
Сіздерге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы базарлыққа супергаджет – электронды кітап алатын бірегей мүмкіндік беріп отыр. Бұл үшін сіздер конкурсқа қатысып, жеңіп шығуларыңыз керек.
Конкурс шарттары:
- Сіздер ән айтып, би билеген, флешмоб жасаған құрбыларыңызды, немесе қиялыңыз жеткен өзге де тақырыптарды бейнелейтін әуесқой бейнеролик түсіруіңіз керек. Роликке кісілерді, тіпті жан-жануарларды да түсіруге болады;
- Роликте «ҚазҰУ», «Журналистика факультеті» және «PR» сөздері міндетті түрде болуы тиіс (қандай формада екендігі маңызды емес)
- Роликті мына қауымдастыққа енгізіңіз – http://vk.com/public38537790;
- Тапсырысты interpresskaznu@mail.ru э-мейл адресіне жолдаңыз, мұнда сіздің атыңыз,мектебіңіз, сыныбыңыз және сіздің видеоңызға сілтеме болуы тиіс;
- Жеңімпаз былайша айқындалады: лайктер саны + репостерлер саны + конкурс қазыларының бағасы;
- Конкурс 2013 жылғы 25 қазаннан 2013 жылғы 25 желтоқсан дейін өткізіледі;
- Қорытынды 2013 жылғы 27 желтоқсанда шығарылады;
- Конкурсқа қатысушылар санына шек қойылмайды;
- Бес жүлделі орын бар: 1 орын иегеріне электрондық кітап сыйға тартылады.