Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінің профессор Барманқұлов атындағы «Телезертхана» үйірмесінің студенттері ф.ғ.қ, доцент Жидегүл Әбдіжәділқызының бастамасымен «Судың да сұрауы бар» атты деректі фильм түсіруге кірісті. Фильм біріншіден, теорияны тәжірибемен ұштастыру мақсатында, екіншіден, көктемдегі «Ғылым әлемі» атты халықаралық конференция аясында өтетін бейнефильмдер байқауына ұсыну үшін түсірілуде.Бұл фильмді түсіру туралы идея шығармашылық топтың арнайы тапсырмамен Алматы қаласындағы ауыз су сапасын зерттеуі барысында ойға келген еді. Түсірілім жұмыстары өткен жексенбіде «Алма – Арасан» шипажайынан бастау алды. Айдай әлемді алақандай обьективке сыйғызатын камераның сиқырына тәнті болған студенттер жауған қарға да, күннің суығына да қарамастан фильмнің үздік шығуына бар күшін салуда.
«Телезертхана» үйірмесінің баспасөз қызметі